Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Балмұздақ-чизкейк: Диана Есенбековадан дәмді десерт

Жарияланған күні:

Балмұздақ чизкейкі. Скриншот
Балмұздақ чизкейкі. Скриншот: YouTube/ СУПЕР КЕЛІН ДИАНА

Көптеген қыз-келіншек десерттің түр-түрін білгенімен, оңай әрі тез даярланатын түрінен бейхабар болып жатады. Осыған орай, назарларыңызға жылдам әрі оңай дайындалатын дәмді десерттің рецебін ұсынамыз.

Балмұздақ чизкейкін үй жағдайында тез әрі жылдам жасауға болады. Дәмі тіл үйіретін десертпен танымал фудблогер Диана Есенбекова таныстырады.

Сипаттамасы

Асхана: Еуропа

Санаты: десерт

Дайындалу уақыты: 10 минут

Дайын болу уақыты: 30 минут

Сипаттамасы

Печенье - 400 г

Сары май - 130 г

Кілегейлі ірімшік - 200 г

Қант - 300 г

Крахмал - 1 ас қасық

Қаймақ - 200 г

Жұмыртқа - 1 дана

Шоколад - 2 дана

Дайындалуы

1. Чизкейктің қамырын дайындаймыз

Чизкейктің қамырын дайындаймыз. Скриншот
Чизкейктің қамырын дайындаймыз. Скриншот: YouTube/ СУПЕР КЕЛІН ДИАНА

Алдымен печеньені блендер өткізіп, ұсақтап аламыз. Сосын үстінен сары май салып, екеуін жақсылап араластырамыз. Дайын болған қамырды қалыпқа жұқалап саламыз.

2. Салмасын дайындаймыз

Салмасын дайындаймыз. Скриншот
Салмасын дайындаймыз. Скриншот: YouTube/ СУПЕР КЕЛІН ДИАНА

Кілегейлі ірімшік пен қантты миксермен араластырамыз. Үстінен крахмал, қаймақ пен бір жұмыртқаны қосып, тағы да араластырамыз. Салманы екіге бөлеміз. Дайын салманың жартысын қамырға құйып, тоңазытқышқа қоямыз.

3. Салманың қалған бөлігіне шоколад қосамыз

Шоколадты салманы дайындаймыз. Скриншот
Шоколадты салманы дайындаймыз. Скриншот: YouTube/ СУПЕР КЕЛІН ДИАНА

Салманың қалған бөлігіне шоколадты ерітіп, қосамыз. Барлығын жақсылап араластырамыз. Сосын бетіне құямыз.

4. Чизкейкті пісіріп, безендіреміз

Чизкейкті пісіріп, безендіреміз. Скриншот
Чизкейкті пісіріп, безендіреміз. Скриншот: YouTube/ СУПЕР КЕЛІН ДИАНА

Чизкейкті алдын ала қызып тұрған пешке 180 градусқа, 30 минутқа қойып, пісіріп аламыз. Сосын бетіне ерітілген шоколадты құйып, бетіне құлпынайды орналастырып, безендіреміз. Осылайша, дәмі тіл үйіретін тәтті чизкейк дайын болып шығады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2128539-balmuzdaq-chizkeik-diana-esenbekovadan-damdi-desert/