Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Етсіз котлет рецебі: Нұрзина Серікбаева ұсынған дәмді тағамды пісіріп көріңіз

Жарияланған күні:

Қарақұмық котлеттері. Скриншот
Қарақұмық котлеттері. Скриншот: YouTube/Nurzina Serikbayeva

Үйіңізде ет таусылған жағдайда котлетті қалай даярлауға болады? Қарапайым қарақұмық пен картоптан дайындалатын әрі дәмі етпен жасалатын котлеттен кем түспейтін дәмді және тойымды котлеттің рецебімен бүгінгі материалда таныс болыңыздар.

Қарақұмық пен картоптан жасалатын дәмді котлеттің рецебімен Нұрзина Серікбаеваның YouTube арнасынан таныс болыңыздар.

Сипаттамасы

Асхана: Еуропа

Санаты: басты тағам

Дайындалу уақыты: 5 минут

Дайын болу уақыты: 30 минут

Құрамы

Қарақұмық - 200 г

Картоп- 400 г

Жұмыртқа - 1 дана

Тұз, бұрыш, дәмдеуіштер - дәміне қарай

Ұн - 3 ас қасық

Ұсақталған кепкен нан - қалауыңызға қарай

Пияз - 1 дана

Сәбіз - 1 дана

Томат - 1ас қасық

Су - 1 стақан

Дайындалуы

1. Картоп пен қарақұмықты пісіреміз

Қарақұмық пен картопты пісіріп, араластырамыз. Скриншот
Қарақұмық пен картопты пісіріп, араластырамыз. Скриншот: YouTube/Nurzina Serikbayeva

Алдымен картоп пен қарақұмықты қайнаған суға салып, пісіріп аламыз. Сосын суын төгіп тастап, екеуін бір ыдысқа саламыз. Үстінен жұмыртқа, тұз, бұрыш пен дәмдеуіштерді қосып, барлығын блендермен ұсақтап, езіп аламыз.

2. Бөлек ыдысқа кептірілген ұсақ нан мен ұнды дайындаймыз

Ұн мен кепкен ұнды араластырамыз. Скриншот
Ұн мен кепкен ұнды араластырамыз. Скриншот: YouTube/Nurzina Serikbayeva

Бөлек ыдысқа үш ас қасық ұнды саламыз. Үстінен кептірілген ұсақ нанды қосып, араластырамыз. Осы қоспаға котлеттерді аунатып, пісіретін боламыз.

3. Котлеттерге пішін береміз

Котлеттерге пішін береміз. Скриншот
Котлеттерге пішін береміз. Скриншот: YouTube/Nurzina Serikbayeva

Котлеттерге сопақша пішін беріп, ұн мен ұсақталған кепкен нанның қоспасына аунатып, дайындап аламыз. Табаға май құйып, отқа қыздырып қоямыз.

4. Котлеттерді пісіреміз

Котлеттерді қуырамыз. Скриншот
Котлеттерді қуырамыз. Скриншот: YouTube/Nurzina Serikbayeva

Баяу отта қыздырылған майға котлеттерді салып, екі жақ беті қызарғанша қуырып, пісіріп аламыз.

5. Гарнирді дайындаймыз

Гарнирді пісіреміз. Скриншот
Гарнирді пісіреміз. Скриншот: YouTube/Nurzina Serikbayeva

Гарнирге күріш, картоп пюресі немесе макарон және т.б. пісіре аласыз. Біздің жағдайда таза суға макаронды пісіріп аламыз.

6. Cоус дайындаймыз

Пияз бен сәбізді қуырамыз. Скриншот
Пияз бен сәбізді қуырамыз. Скриншот: YouTube/Nurzina Serikbayeva

Бір пиязды аршып, турап, табадағы қызып тұрған майға қуырамыз. Үстінен сәбіз саламыз. Дәміне қарай тұз, томат қосамыз. Бір бокал су құйып, баяу отта қайнатамыз. Осылайша соус дайын болады. Гарнирди тәрелкеге салып, үстінен алдымен соус қосамыз. Сосын үстіне котлеттерді қойып, дастарханға ұсынсаңыздар болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2129019-etsiz-kotlet-retsebi-nurzina-serikbaeva-usyngan-damdi-tagamdy-pisirip-koringiz/