Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қуырылған манты: Ақнұр Тілекқызы ел сүйіп жейтін тағамды пісірудің ерекше жолын ұсынды

Жарияланған күні:

Піскен манты. Көрнекі сурет
Піскен манты. Көрнекі сурет: pixabay.com

Орта Азия халықтарының ең сүйікті тағамы саналатын мантыны тіс тазартқышпен қалай дайындауға болады? Бүгін назарлараңызға аталған тағамның ерекше рецебін ұсынамыз.

Манты - Орта Азия халықтарының сүйікті тағамдарының бірі. Оны буда, қуырып, тіпті тіс тазартқышпен бірге де пісіруге болады. Аталған тағамның ерекше рецебін фудблогер Ақнұр Тілекқызы ұсынады.

Сипаттамасы

Асхана: Азия

Санаты: басты тағам

Дайындалу уақыты: 30 минут

Дайын болу уақыты: 45-50 минут

Құрамы

Ұн - 840 г

Су - 300 г

Жұмыртқа - 1 дана

Тұз - 1 шай қасық

Сұйық май - 2 ас қасық

Тартылған ет- 500-600 г

Пияз - 2 дана

Тұз, қара бұрыш - дәміне қарай

Құйрық май - қалауыңызша

Тіс тазартатын шырпы

Дайындалуы

1. Қамыр илейміз

Қамыр илейміз. Скриншот
Қамыр илейміз. Скриншот: YouTube/Aknur Tilekkyzy

Ұнның ортасын ашып, бір жұмыртқа, тұз, су қосып, қамырды қаттылау етіп илеп аламыз. Қамырды жарты сағатқа тындырып қоямыз.

2. Cалмасын дайындаймыз

Мантының салмасын дайындаймыз. Көрнекі сурет
Мантының салмасын дайындаймыз. Көрнекі сурет: pixabay.com

Тартылған етке пиязды саламыз. Сосын татымына қарай тұз, бұрыш қосып, сұйық майды құйып, барлығын жақсылап араластырамыз.

3. Мантыны түйеміз

Мантыны түйеміз. Скриншот
Мантыны түйеміз. Скриншот: YouTube/Aknur Tilekkyzy

Тындырылған қамырды бірнеше бөліктерге бөлеміз. Сосын әр бөлігін кішкене бөліктерге кесіп, әр бөлікті жұқа етіп жаямыз. Сопақша қамырға тартылған етті салып, мантыны түйеміз. Сосын тіс шұқығышпен мантының шетін бекітіп шығамыз.

4. Мантыны пісіреміз

Мантыны пісіреміз. Көрнекі сурет
Мантыны пісіреміз. Көрнекі сурет: pixabay.com

Түйілген мантының жартысын қызып тұрған майға салып, қуырып аламыз. Қалған бөлігін манты пісіретін кастрюльге салып, пісіреміз. Қуырылған мантының арасы шикі болмауы үшін, оны да мантв пісіретін кастрюльге салуды ұмытпаңыздар. Сондай-ақ, мантының беті құрғап қалмауы үшін, оған сұйық май жаққан жөн болады. Тағамды дастарханға ұсынған сәтте тіс тазартқыштарды алып тастасаңыздар да болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2129145-quyrylgan-manty-aqnur-tilekqyzy-el-suiip-zheitin-tagamdy-pisiruding-erekshe-zholyn-usyndy/