Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жігіттің ата-анасымен танысқанда не істеу керек: аруларға пайдалы 10 кеңес

Жарияланған күні:

Отбасылық кешкі ас. Көрнекі сурет
Отбасылық кешкі ас. Көрнекі сурет: pixabay.com

Жігітіңіздің ата-анасымен танысу – сіз үшін өміріңіздегі маңызды оқиғалардың бірі болуы мүмкін. Сондықтан болашақ туыстарыңызға жақсы жағынан танылғаныңыз жөн болады. Ол үшін төмендегі маңызды кеңестерге құлақ түріңіз.

Кездесу жайлы алдын ала келісіңіз

Егер жігітіңіз сізді ата-анасымен таныстырамын десе, одан өміріңіздегі мұндай маңызды кездесу жайлы алдын ала ескертуін сұраңыз. Себебі оған екі тарап та алдын ала дайындалуы қажет. Жігіттің ата-анасы мен болашақ қалыңдық танысуға арналған ең қолайлы жер – үйде, отбасылық кешкі ас болуы мүмкін. Немесе мұндай кешті дәмханада да өткізуге болады.

Мұндай кештің маңыздылығы сол – онда екі жақ бір-бірін жақынырақ танитын болады. Зерттеу барысында сарапшылар Кейтлин Вулли мен Айелет Фишбах бірлесіп ас ішу – маңызды шешім қабылдау мен арадағы кикілжіңді шешуде маңызды рөл атқаруы мүмкін екен.

Жігітіңізден оның ата-анасы туралы сұраңыз

Жігітіңізден оның ата-анасының толық аты-жөнін сұрап алыңыз және олардың есімін сол атпен ғана атап көріңіз. Бұл сіздің оларға деген құрметіңіз бен сыйыңыздың көрінісі болады. Сүйіктіңізден алдын ала төмендегі деректерді біліп алыңыз:

  • Олар қай жерде жұмыс істейді және мамандықтары қандай;
  • Немен айналысқанды ұнатады;
  • Нені жақсы көреді және нені ұнатпайды.

Сондай-ақ отбасындағы дәстүрлер, мәселен, тыйым салынған тақырыптар туралы да біліп алыңыз. Ол сөзге ашық әңгімелесуге және ыңғайсыз жағдайға қалмауға көмектеседі.

Сыртқы образыңызды ойластырыңыз

Болашақ жарыңыздың ата-анасымен кездесуге не киюге болады? Seventeen өмір жайлы сайттың авторы Мишель Толья алғашқы кездесуге үлкендер құрмет көрсетілетін әрі өзіңізге жарасатын киім киюге кеңес береді. Оған ұзындығы тізеге дейін келетін А-пішініндегі белдемше мен алдында үшбұрышты жырығы бар жейде жатқызылуы мүмкін.

Бастысы киім мен образыңыз өзіңізге ыңғайлы болса болғаны. Стилист Бернадетт Пейннің айтуынша, мұндай образ қалыңдыққа өзін сенімді ұстауға мүмкіндік беретін көрінеді.

Қол ұстасқан жұп. Көрнекі сурет
Қол ұстасқан жұп. Көрнекі сурет: pixabay.com

Сыйлық дайындаңыз

Қонаққа негізінен сыйлықпен барып жатады. Егер болашақ ата-енеңіз сізді қонаққа шақырса, оларға арнап сыйлық алғаныңыз жөн болады. Ол үшін сүйіктіңізден олардың талғамы, нені жақсы көретінін біліп алуыңыз керек. Мұндай кеңесті сарапшы Сьюзен Тромбетти береді. Мұндай сыйлыққа олардың сүйікті тәттісі, гүл немесе т.б. сыйлық жатқызылуы мүмкін. Сыйлықты берер уақытта, оны жақсылап әсемдеуді де ұмытпаңыз.

Бастысы сыйлығыңыз өз иелеріне ұнайтынына сенімді болыңыз. Сол сияқты мамандар алғашқы кездесуге торт, кәмпит қорабы, жақсы шарап немесе шампан апаруға кеңес береді. Бұл ретте сыйлық тым қымбат, алайда талғаммен жасалуы тиіс. Себебі ол сіз жайлы алғашқы пікір қалыптастыруға жол ашады.

Еркін болыңыз және күлімдеп отырыңыз

Егер кездесу алдында қатта қобалжысаңыз, тыныштандыратын шай ішіңіз, алайда ішімдік ішіп қоймаңыз. Өзіңізді қолға алып, тек көтеріңкі көңіл-күйде болыңыз. Сосын күлімдеп отыруды ұмытпаңыз. Шынайы күлкі қашан да адамды тек жағымды жағынан көрсетеді.

Мұндай пікірді философия докторы Рональд Э. Риджио айтады. Бастысы қобалжымаңыз. Егер сүйіктіңіз сізді ата-анасымен таныстыру туралы шешім қабылдаса, демек оның ата-анасы сізге тек жақсы көзқараста болады.

Көп сұрақ қойыңыз

Болашақ отбасыңызға сіңісу үшін, дастархан басында әңгімелесіп, көп сұрақ қойыңыз. Мұндай кеңесті психотерапевт Джин Фитцпатрик айтады. Жігітіңіздің ата-анасынан оның кішкентай кезінде қандай болғанын, балалық шағы туралы сұраңыз. Олар үшін бұл естен кетпес естелік және осындай эмоция сыйлағаныңыз үшін, болашақ ата-енеңіз сізге риза болады.

Сол сияқты болашақ туыстарыңыздан олардың қалай танысқанын да сұрап алыңыз. Өзіңіз туралы да айтып беруді ұмытпаңыз. Өзіңіздің қай оқығаныңызды, ата-анаңыздың немен айналысатынын, болашақ жоспарларыңыз туралы әңгімелеңіз. Жаныңызға жақын келмейтін (саясат, дін) тақырыптардан аулақ болыңыз.

Егде жастағы отбасылық жұп. Көрнекі сурет
Егде жастағы отбасылық жұп. Көрнекі сурет: pixabay.com

Өтірік айтпаңыз

Өзіңізді жақсы қырыңыздан таныту үшін өтірік айтпаңыз. NCA басылымының хабарлауынша, тәуелсіз әрі жеке пікірі бар адамдар өтірік айтудан аулақ болады. Мәселен сіз кофені жақсы демдейсіз. Бұл туралы сіз әңгіме барысында айтып беріңіз.

Алайда тағамды жақсы әзірлейтініңізді айтып әсірелеп, өтірікке бой алдырмаңыз. Сондықтан шындықты айтудан ұялмаңыз. Өтіріктің арты бір-ақ тұтам екенін ұмытпаңыз.

Қарапайым болыңыз

Алғашқы кездесу барысында дарақы, өркөкірек болудан аулақ болыңыз. Мысалы ата-енеңіздің көзінше жігітіңіздің құлағына сыбдырлап сөйлеп, құшақтап, сүйісуден аулақ болыңыз.

Оның орнына дастархан басына болашақ жарыңызға тамақ салып беріп, оған қамқорлық танытыңыз. Алайда тамақты қасықпен беріп, ерсі қылықтар жасамаңыз.

Мәдениетті болыңыз

Жігітіңіздің ата-анасымен кездесу маңызды қадамдардың бірі, алайда онда мәдениетті болудың қарапайым қағидаларын ұстаныңыз:

  • Кездесуден кешікпеңіз, керісінше 5–10 минутқа ертерек келуге тырысыңыз.
  • Телефон мен әлеуметтік желілер туралы ұмытыңыз. Оны дастархаға қоймаңыз, сөмкеңізге салып қойыңыз.
  • Бетіңізді әжетханадағы айнаға қарап, әрлеңіз.
  • Тамақтан бас тартпаңыз. Себебі мұның бәрі сіз үшін даярланғанын ұмытпаңыз. Тағамның әр түрінен дәм татыңыз.
  • Дастархан жаюға көмектесіңіз.

Барынша сөйлеген сөзіңізге сақ болыңыз, артық сөз айтып, бос сөз сөйлеуден аулақ болыңыз. Көп мақтанып, өзіңізді біреумен салыстырмағаныңыз абзал.

Өз көмегіңізді ұсыныңыз

Өзіңізді шеттетіп ұстамаңыз. Егер ертерек келіп, дастархан әлі жайылмаса, оны жасасуға көмектесіңіз. Алайда шамадан тыс беріліп, ас үйдегі сөрелерді ақтармаңыз. Ал, егер сізге көмектің қажет емес екені айтылса, онда сізге оның еш қиындығы жоқ екенін атап өтіңіз.

Болашақ ата-енеңізбен кездескен сәтте, бастысы оларға деген сый-құрметіңіздің жоғары екенін көрсетіңіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2131242-zhigitting-ata-anasymen-tanysqanda-ne-isteu-kerek-arularga-paidaly-10-kenges/