Иекке шыққан безеу нені білдіреді: сенім-нанымдар
Жарияланған күні:
Читать на русскомИектегі безеу сіздің көңіл күйіңізді түсіріп, жоспарыңыздың күл талқанын шығаруы мүмкін. Бірақ кей халықтар оның қандай да бір белгі екеніне сенеді. Олардың жорамалы адамның жасы мен жынысына қарай өзгеріп отырады.
Жас қыздың иегіндегі безеу
Жас кезде безеу көп шығады. Curology дерматологиялық басылымында жарық көрген мақалаға сүйенсек, беттегі бөртпелерді Аюрведа мен дәстүрлі қытай медицинасының тәжірибесіне сүйене отырып, кітап секілді оқуға болады екен. Қыздар иектегі безеулерді ерекше белгі ретінде қабылдайды, белгілердің көбі романтикалық сипатта болады. Соның ішінде кең таралғандары:
- Сүйіктісін жолықтырған қыздың иегіне безеу шықса, жұбының сезімі адал, некеде бақытты болады.
- Неке жасындағы қыздың иегіне шыққан безеу көп ұзамай сүйікті адамын кезіктіріп, соған тұрмысқа шығып, бақытты ғұмыр кешетінін білдіреді.
- Жас қыз болса, өзінен әлдеқайда үлкен адамға тұрмысқа шығады.
- Қалыңдыққа шықса, достары мен дұшпандарының қызғанышын білдіреді.
- Сондай-ақ безеулер алда болатын қандай да бір маңызды оқиғаға алаңдағаннан да шығады деп есептеледі.
Тұрмыс құрмаған қыздың иегіне безеу шықса, ол көп ұзамай сүйіктісін кезіктіріп, тұрмысқа шығатынынан хабардар етеді. Безеудің сыртқы көрінісіне қарап, ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасы қандай болатынын болжауға болады. Күңгірт әрі кішкентай безеу бірқалыпты және үйлесімді қарым-қатынасты білдіреді.
Әйел адамның иегіндегі безеу
Иектегі қал кейбір әйелдердің сұлулығына сұлулық қосып тұрады. Бірақ күтпеген жерден шыққан безеу әрдайым қиындық тудырады, әсіресе болмашы нәрсенің өзіне сезімтал жүкті әйелдер мұны ұната бермесі анық. Сонымен иектегі безеу нені білдіруі мүмкін:
- Жүкті әйелдің босанатын мерзімі жақындап қалғанда иегіне безеу шықса, ұл босанатынынан хабардар етеді.
- Жалпы жүкті әйелдердің иегіне шыққан безеу жеңіл босанатынын білдіреді.
Болашақ ананың иегіндегі безеулер туылмаған нәрестенің денсаулығының нашарлығының белгісі болуы мүмкін. Мансап жолында жүрген әйел үшін иектегі безеу оның мансабындағы өзгерістердің хабаршысы болып саналады.
Оң жақ иектегі безеу нені білдіреді? Ол мансап жолында тасы өрге домалайтынын білдіреді. Ал безеу неғұрлым көп болса және қышитын болса, соғұрлым үлкен жанжал болады деген де сенім бар. Иектің ортасындағы безеу бағалы сыйлықты білдіреді.
Жігіттің иегіндегі безеу
Astrology астрологиялық басылымында жарық көрген ақпарат бойынша, адамның төзімділігін иек пен оның жағдайына қарай бағалауға болады. Жігіттің иегіндегі безеу өмірдің қандай салаларына және қандай мәселелерге ерекше назар аудару керек екенін білдіреді:
- Сүйіктісі бар жігіттің иегіндегі безеу жұптың көп ұзамай айырылысып кететінін білдіреді. Одан кейін романтикалық өмірде жаңа қарым-қатынасқа түсуге қабілетсіздік немесе қаламау салдарынан ұзақ үзіліс болады.
- Бойдақ жігіттің иегіне безеу шықса, жақынарада сүйіктісін кезіктіретіріп, үйленетінін білдіреді.
Студенттер мен оқушылардың иегіне безеу шықса, бұл оқудағы сәттілікті, емтихандарды сәтті тапсыратынын және курсқа жазылатынын білдіреді. Сол жақ иектегі безеу қандай белгілерді көрсетеді? Бұл өмірдегі жарқын кезеңдердің басталатынын білдіреді. Қандай да бір мерекеден де хабардар етуі мүмкін.
Ер адамның иегіндегі безеу
Ересек еркектерде безеу тек қырынудан ғана пайда болмайды. Бұл сонымен қатар дененің сигналы ретінде қабылданады. Иектегі мең тұрақтылықтың символы болса, ондағы безеу мүлдем басқа нәрсені білдіреді:
- Кішкентай және көзге көрінбейтін безеулер мансап сатысында көтерілетінін және сыйақы алатынын білдіреді.
- Иектің түбіндегі безеу өмірде сәтті кезеңдер басталатынын білдіреді. Сәтті шешімдер қабылданып, жағымды оқиғалар болады.
- Ауырсынатын және қышитын безеу жұмыстағы қиындықтарды білдіреді. Күмәнді ұсыныстардан сақ болыңыз.
- Иекте безеудің қаптап кетуі жанжалдарды білдіреді. Ұрыс-керісті болдырмау үшін жан тыныштығын сақтау маңызды.
Бойдақ адамның иегіндегі үлкен романтикалық оқиғадан хабардар етеді. Екі жанның арасында өзара сүйіспеншілік болғанымен, ол ұзаққа созылмайды, үйлену тойға жетпейді.
Иектегі безеу эзотерикада адамның өмірінде қандай өзгерістер болатынынан хабардар ететін сигнал ретінде қабылданады. Оған сену, сенбеу – өз еркіңізде. Ал денсаулық сақтау саласының мамандары иектегі безеуді ағзадағы ауру-сырқаудың белгісі ретінде қарастырады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2131905-iekke-shyqqan-bezeu-neni-bildiredi-senim-nanymdar/