Жеңіл әрі тәтті: Анаргүл Құдайбергенова ұсынған айраннан жасалатын торт рецебі
Жарияланған күні:
Айраннан жасалатын тортты жақындарыңыз бірден ұнатуы мүмкін. Үй жағдайында оны қалай даярлауға болады? Бүгінгі рецепттен біле аласыздар.
Қамыра айраннан әзірленетінт торттың рецебімен Анаргүл Құдайбергенованың YouTube арнасынан таныса аласыздар. Фудблогер аталған арнада өзге де ерекше тағамдардың рецебімен бөліседі.
Сипаттамасы
Асхана: Еуропа
Санаты: десерт
Дайындалу уақыты: 10 минут
Дайын болу уақыты: 30 минут
Құрамы
Жұмыртқа - 2 дана
Қаймақ 20% - 400 г
Қант - 250 г
Ұн - 250 г
Өсімдік майы - 100 мл
3,2% айран - 300 г
Какао ұнтағы - 3 ас қасық
Ас содасы - 0.5 шай қасық
Қопсытқыш - 1 шай қасық
Су - 50 мл
Қоюлатылған сүт
Дайындалуы
1. Айран мен соданы араластырамыз
Шұңғыл ыдысқа бөлме температурасындағы айранды құямыз. Үстінен соданы себеміз. Осылайша сұйық массаны 15-20 минутқа ашуы үшін, бөлек қойып қоямыз.
2. Айранға жұмыртқа мен қантты қосамыз
Айранға қантты қосамыз. Сосын екі жұмыртқаны бөлек ыдысқа жарып, араластырып, сұйық массаған қосамыз. Барлығын жақсылап араластырамыз.
3. Ұн мен өсімдік майын қосамыз
Сұйық массаған алдымен өсімдік майын қосамыз. Сосын ұнды електен өткізіп қосамыз. Барлық құрамды араластырамыз.
4. Какао мен қопсытқыш, су қосамыз
Сұйық массаға какаоны елек арқылы өткізіп, себеміз. Сосын қопсытқышты қосып, барлығын жақсылап араластырамыз. Соңында қайнаған суды қосып, қаймақ тәрізді консистенцияға жеткіземіз.
5. Тортты пісіреміз
Пешті алдын ала 180 градусқа ысытамыз. Сұйық массаны противеньге құйып, 30 минутқа қойып, пісіріп аламыз.
6. Кремін дайындаймыз
Шұңғыл ыдысқа қоюлатылған сүтті құямыз, үстінен қаймақты саламыз. Екеуін жақсылап араластырамыз.
7. Торты жинаймыз
Піскен торттың алдымен жиектерін тегістеп, турап аламыз. Сосын жіптің көмегімен тортты ортасынан бөлеміз. Ортасына крем жағамыз. Сосын торттың бетіне крем жағамыз. Торттың қалдықтарын ұсақтап, торттың бетіне себеміз. Дайын тортты тоңазытқышқа 1-2 сағатқа қойып, дастарханға ұсынамыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2131926-zhengil-ari-tatti-anargul-qudaibergenova-usyngan-airannan-zhasalatyn-tort-retsebi/