Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Банан қосылған: Диана Есенбекова круассан пісірудің жолын айтып берді

Жарияланған күні:

Банан қосылған круассан. Скриншот
Банан қосылған круассан. Скриншот: YouTube/ СУПЕР КЕЛІН ДИАНА

Банан қосылған круассанды бар-жоғы үш құраммен ғана әзірлеуге болады. Тез әрі жылдам дайын болатын тәттінің рецебімен бүгінгі рецептте таныс болыңыздар.

Банан қосылған круассанды таңғы ас немесе бестің шайына дайындасаңыз болады. Оңай әрі тез жасалатын тәттінің рецебімен танымал фудблогер Диана Есенбекова таныстырады.

Сипаттамасы

Асхана: Еуропа

Санаты: десерт

Дайындалу уақыты: 5 минут

Дайын болу уақыты: 30 минут

Құрамы

Ақ шоколад - 1 дана

Қатпарлы ашытылған қамыр - 1 дана

Банан - 4 дана

Жұмыртқаның сарысы

Дайындалуы

1. Банандарды қабығынан тазартып, дайындаймыз

Бананды дайындаймыз. Скриншот
Бананды дайындаймыз. Скриншот: YouTube/ СУПЕР КЕЛІН ДИАНА

Банандарды қабығынан тазартамыз. Әрқайсысын ортасынан бөлеміз. Бөлінген әр бөліктің ортасын оямыз.

2. Бананның ортасына шоколад саламыз

Бананның ортасына шоколад саламыз. Скриншот
Бананның ортасына шоколад саламыз. Скриншот: YouTube/ СУПЕР КЕЛІН ДИАНА

Бір плитка шоколадты ұсақ бөліктерге бөліп шығамыз. Банандардың ойылған ортасына шоколадтарды қойып шығамыз. Бұл ретте, өзіңіздің қалауыңызға қарай шоколадтың кез келген түрін пайдалана аласыз.

3. Қамырды жайып, круассан түйеміз

Круассанды түйеміз. Скриншот
Круассанды түйеміз. Скриншот: YouTube/ СУПЕР КЕЛІН ДИАНА

Алдымен қамырды орташа қалыңдықта жайып, cегіз бөлікке бөлеміз. Әр бөлікке бананды салып, круассан пішінінде орап шығамыз.

4. Круассандарды пісіреміз

Круассандарды пісіреміз. Скриншот
Круассандарды пісіреміз. Скриншот: YouTube/ СУПЕР КЕЛІН ДИАНА

Пешті 180 градуста қыздырамыз. Круассандарды пергамент қағазына салып, бетіне жұмыртқаның сарысын жағамыз. Сосын пешке салып, 30 минутта пісіріп аламыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2133774-banan-qosylgan-diana-esenbekova-kruassan-pisiruding-zholyn-aityp-berdi/