Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Салқын сусын: үш түрлі мохитоны қалай жасаймыз

Жарияланған күні:

Үш түрлі сусын. Скриншот
Үш түрлі сусын. Скриншот: YouTube/ СУПЕР КЕЛІН ДИАНА

Жаздың аптап ыстығында шөлді қандыратын таптырмас сусынның бірі - мохито. Үй жағдайында әрі қолда бар жеміс-жидектермен оны қалай даярлауға болады? Бүгінгі рецепттен білетін боласыздар.

Мохито сусынын кубалықтар ойлап тапқан. Кейіннен ол Америкада да танымал болып, дәмі тіл үйіретін сусынның рецебі өзге де көптеген елге тараған. Үй жағдайында әрі қолда бар жеміс-жидектермен мохитоны қалай әзірлеуге болатынын белгілі фудблогер Диана Есенбекова таныстырады.

Сипаттамасы

Асхана: Куба

Санаты: сусын

Дайындалатын уақыты: 5 минут

Дайын болу уақыты: 10 минут

Құрамы

Лайм - 1 дана

Су - 500 г

Қант - 200 г

Апельсин - 1 дана

Құлпынай - 400 г

Газдалған сусын - 1,5 л

Жалбыз - қалауыңызша

Дайындалуы

1. Лайм мен жалбызды тураймыз

Лайм мен жалбызды тураймыз. Скриншот
Лайм мен жалбызды тураймыз. Скриншот: YouTube/ СУПЕР КЕЛІН ДИАНА

Бір лаймның сыртын жақсылап жуып, ірілеу етіп тураймыз. Сосын жалбызды да кесектеу етіп турап аламыз.

2. Туралған лайм мен жалбызды миксерден өткізіп, сүземіз

Жемістерді миксерден өткізіп, сүземіз. Скриншот
Жемістерді миксерден өткізіп, сүземіз. Скриншот: YouTube/ СУПЕР КЕЛІН ДИАНА

Туралған лайм мен жалбызды миксерге саламыз. Үстінен бір стакан бөлме температурасындағы суды құямыз. Жақсылап миксермен араластарымыз. Сосын стаканға қоюын алып, сүзіп аламыз.

3. Су мен қантты араластырамыз

Су мен қантты араластырамыз. Скриншот
Су мен қантты араластырамыз. Скриншот: YouTube/ СУПЕР КЕЛІН ДИАНА

Бір стакан суды шұңғылы ыдысқа құйып, отқа қоямыз. Үстінен қантты сеуіп, қант ерігенше жақсылап араластырып аламыз.

4. Апельсин шырынын қосамыз

Апельсин шырынын сығамыз. Скриншот
Апельсин шырынын сығамыз. Скриншот: YouTube/ СУПЕР КЕЛІН ДИАНА

Апельсинді жақсылап жуып, ортасынан бөліп аламыз. Қайнап жатқан суға апельсин шырынын сығып, жақсылап араластырамыз.

5. Құлпынайды турап, миксерден өткіземіз

Құлпынайды турап, миксерден өткіземіз. Скриншот
Құлпынайды турап, миксерден өткіземіз. Скриншот: YouTube/ СУПЕР КЕЛІН ДИАНА

Құлпынайды жақсылап турап, ірілеу етіп турап аламыз. Сосын миксерге салып, езіп аламыз.

6. Миксерленген құлпынайды еріген қанты бар қайнаған суға құямыз

Құлпынайды қанты бар суға құямыз. Скриншот
Құлпынайды қанты бар суға құямыз. Скриншот: YouTube/ СУПЕР КЕЛІН ДИАНА

Бір стакан суды шұңғыл ыдысқа құйып, отқа қоямыз. Үстінен қант себеміз. Оның үстінен құлпыайды құйып, қайнатамыз.

7. Дайын сусындарды стакандарға құйып, жемістерін саламыз

Дайын сусындарды стакандарға құйып, жемістерін саламыз. Скриншот
Дайын сусындарды стакандарға құйып, жемістерін саламыз. Скриншот: YouTube/ СУПЕР КЕЛІН ДИАНА

Дайын болған сусындарды стакандар құямыз. Әр сусын неден жасалды, соған қарай жемістерін саламыз.

8. Мохитоға мұз бен газдалған сусын қосамыз

Сусынға мұз бен газдалған сусын қосамыз. Скриншот
Сусынға мұз бен газдалған сусын қосамыз. Скриншот: YouTube/ СУПЕР КЕЛІН ДИАНА

Мохитоға мөлшеріне қарай мұз саламыз. Сосын үстінен газдалған сусын қосамыз. Осылайша, үй жағдайында оңай әрі қолда бар жеміс-жидектерден дайындалатын мохотоның үш түрі дайын болып шығады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2136321-salqyn-susyn-ush-turli-mohitony-qalai-zhasaimyz/