Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қыстың қамын жазда ойла: Нұрзина Серікбаевадан жеміс ассортиінен жасалатын ең дәмді компот

Жарияланған күні:

Жеміс ассортиінен компот. Скриншот
Жеміс ассортиінен компот. Скриншот: YouTube/Gulzhannat Nurusheva

Жаз мезгілінде жеміс-жидектің піскен уақытында қысқа компот әзірлеп алған абзал. Үй жағдайында қарапайым әрі жеңіл жолмен жасалатын компотты қалай дайындауға болады? Бүгінгі рецепттен біле аласыздар.

Қыстың қамын жазда ойла демекші, жаз мезгілінде түрлі жемістерден компот дайындап алған жөн. Түрлі жемістердің ассортиінен жасалатын компоттың рецебімен фудблогер Нұрзина Серікбаева таныстырады.

Сипаттамасы

Асхана: славян елдері

Санаты: сусын

Дайындалу уақыты: 10 минут

Дайын болу уақыты: 30 минут

Құрамы

Қара өрік - 1 кг

Қант - 1.4 кг

Шие - 1 кг

Абрикос - 1.5 кг

Лимон қышқылы - 0,5 ас қасық

Дайындалуы

1. Жемістерді дайындап аламыз

Жемістерді дайындап аламыз. Скриншот
Жемістерді дайындап аламыз. Скриншот: YouTube/Gulzhannat Nurusheva

Шиені іріктеп, тазартып аламыз. Абрикос, өрік және шиені суда жақсылап жуып аламыз. Жемістердің сүйегін алып тастаймыз.

2. Банка мен қақпақтарды дайындаймыз

Банка мен қақпақтарды дайындаймыз. Скриншот
Банка мен қақпақтарды дайындаймыз. Скриншот: YouTube/Gulzhannat Nurusheva

Плитаға су құйылған үлкен және кішкентай кастрюльді қоямыз. Кішкентай кастрюльге қақпақтарды салып, 5 минуттай қайнатып аламыз. Банкаларды алдын ала жуып аламыз. Әрқайсысына суды құйып, бетін қақпақпен жауып қоямыз. Банканы сумен бірге қойып, кейін ішіндегі сұйықтықты төгіп тастаймыз.

3. Жемістерді банкаға саламыз

Жемістерді банкаға саламыз. Скриншот
Жемістерді банкаға саламыз. Скриншот: YouTube/Gulzhannat Nurusheva

Банкаға жемістерді ортасына дейін саламыз. Сосын үстіне банканы толтырып су құямыз. Банкалардың қақпағын жауып, 20 минутқа қоямыз.

4. Банкадағы суды төгіп тастаймыз

Банкадағы суды төгіп тастаймыз. Скриншот
Банкадағы суды төгіп тастаймыз. Скриншот: YouTube/Gulzhannat Nurusheva

Банканың бетіндегі қақпақты ұстап тұрып, ішіндегі суды кастрюльге қайтадан құямыз. Кастрюльді плитаға қоямыз. Су қайнаған кезде оған жарты ас қасық лимон қышқылын қосамыз.

5. Жемістерге қант қосып, су құямыз

Жемістерге қант қосып, су құямыз. Скриншот
Жемістерге қант қосып, су құямыз. Скриншот: YouTube/Gulzhannat Nurusheva

Банкалардың мөлшеріне қарай, әр литріне 100 грамнан қант қосамыз. Бетін қақпақпен жабамыз. Лимон қышқылы қосылған суды қайнатып, банкаларға толтырып құямыз.

6. Банканың бетін қақпақпен жабамыз

Банканың бетін қақпақпен жабамыз. Скриншот
Банканың бетін қақпақпен жабамыз. Скриншот: YouTube/Gulzhannat Nurusheva

Банкалардың аузын арнайы банка жабатын құралғымен қақпағын жабамыз. Банканың қақпағы жабылған соң, олардың әрқайсысын үстелдің үстінде бірнеше рет айналдырып аламыз. Дайын болған банкалардың төңкеріп, үстін жылы орап қоямыз. Компот суыған соң, әр банканы суық жерге шығарып қоямыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2137296-qystyng-qamyn-zhazda-oila-nurzina-serikbaevadan-zhemis-assortiinen-zhasalatyn-eng-damdi-kompot/