Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дамир есімі: мағынасы, шығу тегі, есімнің иесіне тән мінез-құлықтар қандай

Жарияланған күні:

Читать на русском
Босниялық теннисші Дамир Джумхур
Дамир Джумхур. Фото: instagram.com/damirdzumhur

Дамир – мінезді көшбасшы және бітімгер. Дамир есімді адамдар жақындарының қорғаны, тірегі болады. Есімнің басқа да артықшылықтарын материалымыздан оқыңыз.

Материалдан білетініңіз:

  • Есімнің мағынасы мен шығу тегі
  • Дамир есімді танымал адамдар
  • Есімнің ерекшеліктері мен Дамир есімді адамдардың мінез-құлқы

Дамир есімінің мағынасы мен шығу тегі

Дамир есім Құрама Штаттарда туылғандар саны бойынша 816-орында тұр. Англияда 2021 жылы ол танымалдық рейтингінде 969-орынға ие болған. Еуропа елдерінде сирек кездеседі. Соңғы онжылдықта бұл есім Босния, Польша, Қазақстан және Герцеговинада жиі қойыла бастады.

Ата-аналарға арналған The Bump басылымы оны славяндық есім деп жазады. Дамир деген есім не мағынаны білдіреді? Бұл "бейбітшілік сыйлайтын" дегенді білдіреді. Дамир есімінің мағынасы мен шығу тегіне қатысты басқа да нұсқалар айтылады:

  • Ата-аналарға арналған Mom Junction басылымы оның хорват немесе түрік тілінен шыққанын атап өтеді.
  • Nameberry басылымының жазуынша, бұл есім түріктерде Демир деген нұсқада кездеседі.
  • Кавказ халықтарында Дамирчан, Димерчан түрінде кездеседі және "ұста", "металл шебері" деген мағынаны білдіреді.
  • Түрік тілінде "темір" деген мағынаны білдіреді.
Ұл бала
Ұл бала. Көрнекі фото: freepik.com

Дамир есімін қалай қысқартуға болады? Ер адамдарға арналған есімдердің қысқартылған түрі – Даня, Мир, Амир, Дами, Ди, Дам, Думдум. Дамик, Даник, Данка, Мирушка, Дамирчик сияқты еркелету формасында айтылған нұсқалары да бар. Донье мен Демарио деп те айтылады. Бұл атау гендерлік бейтарап есім болып саналады, қыздар арасында Дамира мен Дадо түрінде кездеседі.

Дамир есімді танымал адамдар

Дамир өз өмірін өзі басқаратын адамдар санатына жатады. Оған алғырлық пен стратегиялық ойлау жетіспейді, бірақ ол өзгерістерге, жаңа жағдайларға, жаңа орындарға тез бейімделіп, жаңа адамдармен тез тіл табысып кетеді. Дамир есімді жігіттердің бейберекет интеллектісі оны қызбалыққа салдырады. Логикасының жүйелі дамуы бәсекелестердің бастамасын бірден қағып алуға және өмірде табысқа жетуге мүмкіндік береді. Табысты адамдардың арасында Дамир есімді адамдар көп:

Дамир Джумхур – босниялық кәсіпқой теннисші және киноактер, АТР турнирінің үш жекелей сындағы жеңімпазы.

Дамир Мартин – хорват ескекшісі. Жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері (2012, 2016), Олимпиада ойындарының қола жүлдегері (2020). Әлем чемпионатының екі дүркін чемпионы (2010, 2013) және қола жүлдегері (2011). Ол ескек есуге 12 жасынан бастап әуестенген.

Дамир Байс – хорват саясаткері және Хорватияның бұрынғы туризм министрі.

Дамир Калетович – Босния және Герцеговинаның зерттеуші журналисі. Ол еңбегі үшін бірнеше марапаттарға ие болды.

Дамир Кеджо – хорват поп-әншісі жәнеYour Face Sounds Familiar шоуының жеңімпазы.

Дамир Күзембаев – белгілі қазақстандық спортшы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 2016 жылы Дамир Күзембаев грек-рим күресінен Азия чемпионатының қола жүлдегері, ал 2017 жылы күміс, 2019 жылы қола жүлдегері атанды.

Дамир Исмағұлов – Ресей және Қазақстан елдері атынан аралас жекпе жектерде өнер көрсететін кәсіпқой спортшы. Жеңіл салмақтағы "М-1 Challenge" турнирінің және аралас жекпе жек бойынша Ресей кубогының жеңімпазы.

Дамир Исмағұлов
Дамир Исмағұлов. Фото: Mike Roach / Zuffa LLC

Дамир тәкаппарлық, қыңырлық, бірбеткейлік сияқты мінездерін бақылауға алуы керек. Ол жасы ұлғайған сайын ес тоқтатып, өмірдің мәнін түсіне бастайды. Дамир басқа адамдарға рухани көшбасшы болуға қабілетті.

Есімнің ерекшеліктері мен Дамир есімді адамдардың мінез-құлқы

Дамир есімінің басты құпиясы жойқын және жасампаз энергияның тепе-теңдігінде жатыр. Балалық шағында ата-анасының бақылауымен Дамир тепе-теңдікті сақтауды үйренуі керек. Ол кішкентай кезінен ақкөңіл келеді. Жасөспірім шағында оның бойынан батылдық, қайсарлық, тектілік байқала бастайды. Ересек Дамир – жақындарының тірегі.

Ол тамаша дос, серіктес және әріптес және әзілқой, ортасын күлдіріп жүреді. Сөзге шешен, кез келген жерде сөз тауып кетеді. Ол бала кездегі достарына өмір бойы қорғап, қамқорлық танытып жүреді.

Ол арамдық пен жылпостықты ұнатпайды, сондықтан ол білім, тәжірибе мен еңбектің арқасында мансабында табысқа жетеді. Дамир есімді азаматтар қоғамдық-саяси салада, бизнесте, кәсіпкерлікте, ғылым мен спортта биік белестерді бағындырады. Басшылық оны, ол басшылықты құрмет тұтады.

Astrologyk астрологиялық басылымының мәліметінше, үштік адамдар харизмамен, тез тіл таба алатынымен және пайдалы байланыс орнату қабілетімен ерекшеленеді.

Жас кезінде Дамир сүйікті ісіне, оқуна және достарына көбірек көңіл бөледі, сондықтан оның өмірінде романтикалық сәттер көп болады деп айту қиын. Бұл жігіт болашақ жарының қандай болуы керек екенін жақсы біледі. Ол нәзік, сүйкімді, ерке әрі тартымды адамды іздейді. Оның қалыңдығы үй шаруасына епті әйел және жауапты ана болуы керек. Оның жоғары талаптарына сай келу оңай болмағанымен Дамирге лайық жар болатын қыздар кездеседі.

Некеде бұл адам әйеліне адал болып қалады. Тұрмыста дау-жанжал туындаса да, олардың одағы балаларға деген сүйіспеншілік пен қамқорлықпен нығая түседі.

Сегіз қырлы, бір сырлы ер адам. Көрнекі сурет
Сегіз қырлы, бір сырлы ер адам. Көрнекі сурет: pixabay.com

Дамир есімді ер адамдар ортасында беделді болады. Бұл есім заман талабына сай келеді. Ұлына осы есімді қою арқылы ата-анасы ұлына жақсы өмір тілейтіні анық.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2141572-damir-esimi-magynasy-shygu-tegi-esimning-iesine-tan-minez-qulyqtar-qandai/