Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Байлық, жүктілік, махаббат: түсіңізде саңырауқұлақ көрсеңіз не болады

Жарияланған күні:

Читать на русском
Саңырауқұлақтар
Саңырауқұлақ. Көрнекі фото: pixabay.com

Саңырауқұлақтар туралы түс байлықты білдіреді. Кейде мұндай түстер ауру-сырқау, қиыншылықтардан хабардар етуі мүмкін. Бұл материалда жеті танымал түсжорушының пайымына сүйене отырып, саңырауқұлақ мұндай түстер тағы қалай түсіндірілетінін талдайық.

Феломеннің жоруы

Феломеннің түсжоруы бойынша, саңырауқұлақ сақтық, күдік пен даналықтың символы болып саналады. Егер адам түсінде үлкен саңырауқұлақ өсіп тұрғанын көрсе, басқа адамдар түс көрушінің тәжірибесін жоғары бағалайтын болады. Оқжаңбырық сәттілік пен амандықты білдіреді. Шыбынжұт пен арамқұлақтар көзі тез тиетін, алдамшы адам жолығатынын білдіреді.

Құрт жеген саңырауқұлақ – ауру-сырқаудың белгісі. Адам түсінде саңырауқұлақ жинап жүрсе, қауіпті жағдайға тап болуы ықтимал. Түс көрген адамның төңірегінде жалған достар жүрген болуы мүмкін.Түсінде өзіңді саңырауқұлақ сезіну шамадан тыс жауапкершілікті білдіреді. Саңырауқұлақ сорпасын ішіп жатса, достары сатқын боп шығатынын білдіреді.

Саңырауқұлақ салынған себет
Саңырауқұлақ. Көрнекі фото: pixabay.com

Түске көп саңырауқұлақ кірсе, не болады? Саңырауқұлақ толы қоржын – өсектің белгісі. Саңырауқұлақ самсап тұрған алаңқай тосынсый мен күтпеген қолдауды білдіреді.

Хассенің жоруы

Хассе саңырауқұлақтар берекенің белгісі екенін айтады. Ол саңырауқұлақ жайындағы түстерді былай түсіндіреді:

  • Түсте саңырауқұлақ жинап жүру – еңбектің жемісін көру.
  • Саңырауқұлақтарды қаймақпен жеу – берекелі өмір сүру.
  • Улы саңырауқұлақтарды көру немесе жинау – қиындықтан құтылу.
  • Кез келген саңырауқұлақты жеу – ұзақ жасаудың белгісі.

Әйел адам түсінде жеуге жарамды саңырауқұлақ көретін болса, ұзақ әрі бай-қуатты өмір сүреді. Түсіне қозықұйрық кірсе, қызметі өседі, ал жерқұлақтар байлық пен өсіп, өркендеуді білдіреді.

Алам түсінде саңырауқұлақ жинап жүрсе, еңбегі еленіп, марапатталады. Мұндай түс көргендер адамдар көп ұзамай байиды.

Лоффтың жоруы

Лоффтың түсжоруында түсте саңырауқұлақтарды жинау процесіне мән беру керек екені айтылған. Орманда саңырауқұлақ жинап жүру рухани ізденісті, жалғыз қалып өмірде болып жатқан жайттарды ой елегінен өткізуді меңзейді. Лоффтың түсжоруында саңырауқұлақтың сыртқы түріне көңіл бөлу керек:

Қызыл немесе қоңыр қалпақшалары бар саңырауқұлақтар – махаббаттың белгісі.

Орманда жеуге жарамды саңырауқұлақ жинап жүру – жақсылықтың нышаны.

Жеуге жарамсыз саңырауқұлақтарды жинау – қиындықтың белгісі.

Үстелдегі саңырауқұлақтан жасалған тағамдар молшылық пен табысты білдіреді. Адам түсінде улы саңырауқұлақты жегелі жатса, көп ұзамай жалған досы анықталады. Ол бұрыннан келе жатқан адамдардың ішінен шығуы мүмкін.

Алтын және ақша
Алтын және ақша: pixabay.com

Ақ саңырауқұлақтар нені білдіреді? Ондай түстер мықты денсаулықты білдіреді. Бұл күй ұйықтап жатқан адамға өмірдің барлық саласында мақсатына жетуіне мүмкіндік береді.

Исламдағы түсжору

Ислам түсжоруында саңырауқұлақтар жақсы және жағымды жаңалықтарды білдіреді. Егер адам түсінде көп саңырауқұлақ, саңырауқұлақ толы себетті немесе саңырауқұлақтар шашылып жатқан жерді көретін болса, жақсылық болады. Мұндай адам тағдырын жақсы жаққа өзгертетін жағымды жаңалыққа кенелуі немесе сыйлық алуы мүмкін.

Жалғыз саңырауқұлақ жағымсыз жайттан хабардар етеді. Бір немесе екі саңырауқұлақты түскөруші адам ескерту ретінде қабылдауы керек.

Түсінде саңырауқұлақ жеу – бұл бақытты белгіcі. Бұл түскөруші адамды қуантып, шабыттандыратын маңызды оқиға күтіп тұрғанын білдіреді.

Адам түсінле үлкен саңырауқұлақ көрсе не болады? Үлкен саңырауқұлақтар тәжірибесі мен өмірден көрген-түйгені мол адамға кіреді. Бұл түс тәлімгер болатын сәт туғанын меңзейді.

Ванганың жоруы

Ванга үшін саңырауқұлақ туралы түс абайсыздықтың, күдіктің, аурудың немесе тосын жайттың символы болып саналады. Адам түсінде ақ саңырауқұлақ толы алаңқай көрсе, өңінде тосынсыйға кенеледі. Ванганың жоруы бойынша:

  • Жеуге жарамды саңырауқұлақ толы себет – жақсылықтың нышаны.
  • Улы саңырауқұлақ салынған себет – ескерту. Мұндай түс соңғы уақытта беріліп істеген істің сәтсіз аяқталатынын меңзейді. Мақсатты қайта қарау қажет.
Қыз бен жігіт
Қыз бен жігіт. Көрнекі фото: pixabay.com

Құрт түскен саңырауқұлақ достан көретін опасыздықты білдіреді. Түсінде біреуге саңырауқұлақ беріп жатқан адамға өңінде жала жабылады. Ондай адам өз мүддесін қорғап, сыртқы қысымнан қорықпау керек. Кептірілген саңырауқұлақтар – ауру-сырқаудың белгісі.

Юнонның жоруы

Юнонның түсжоруы бойынша, саңырауқұлақ туралы түстер – жақсылықтың нышаны, ал түске саңырауқұлақ теруші кірсе, адамның қиындықтарға тап болатынын білдіреді. Адам түсінде саңырауқұлақ теріп жатқанын көрсе, сырқатқа ұшырау қаупі тууы мүмкін.

Әйел адам түсінде саңырауқұлақ көрсе, не болады? Егер әйел түсінде саңырауқұлақ толы үлкен алаңқайды көрсе, аяғы ауырлайтынын білдіреді. Ал жүкті әйел түсінде саңырауқұлақ көрсе, жеңіл босанады.

Ер адам түсінде саңырауқұлақ көрсе, еңбегінің жемісін көріп, марапатталады. Адам түсінде саңырауқұлақ пісіріп жатса, көп ұзамай оның өмірінде тосын жайт болады.

Миллердің жоруы

Миллердің түсжоруында саңырауқұлақ туралы түс байлық жинауға деген құмарлықты білдіреді. Жас әйел түсінде саңырауқұлақ көрсе, бір нәрсеге есі кете құмартады. Ләззаттың соңына түсу дүние-мүлкінен айырып, қаражатын желге ұшырады.

Егер адам түсінде саңырауқұлақ жесе, ол эмоционалды күйзеліске ұшырайды. Мұндай түс баянсыз махаббатты немесе жағымсыз жағдайды білдіреді.

Миллердің пайымдауынша, ақ саңырауқұлақ табысты, ірі саңырауқұлақтар арманға жетуді білдіреді. Әртүрлі саңырауқұлақ көрсе, жеке өмірінде бағы баянды болады.

Жүкті әйел
Жүкті әйел. Көрнекі фото: pixabay.com

Саңырауқұлақ жайлы түстер байлықты, жүктілікті немесе махаббатты білдіреді. Мұндай түсті жорығанда саңырауқұлақтың сыртқы түрі мен түскөрушінің әрекеттеріне ерекше назар аудару қажет.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2141976-bailyq-zhuktilik-mahabbat-tusingizde-sangyrauqulaq-korsengiz-ne-bolady/