Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Картоп пюресі қосылған ерекше котлет: Ариана Дәуренқызынан дәмді кешкі ас рецебі

Жарияланған күні:

Дәмді котлеттер. Көрнекі сурет
Дәмді котлеттер. Көрнекі сурет: pixabay.com

Котлет көптеген отбасының кешкі және түскі асқа сүйіп жейтін тағамы. Дәмді әрі тойымды болатын негізгі тағамды туралған еттен қалай әзірлеуге болады? Бүгінгі рецепттен білетін боласыздар.

Үй жағдайында дәмді котлет даярлаудың түрлі тәсілі бар. Бүгін сіздерге туралған еттен жасалатын котлеттің рецебімен белгілі фудблогер Ариана Дәуренқызы таныстыратын болады.

Сипаттамасы

Асхана: Еуропа

Санаты: басты тағам

Дайындалу уақыты: 15 минут

Дайын болу уақыты: 20 минут

Құрамы

Картоп - 1 кг

Cу - мөлшеріне қарай

Тартылған ет - 800 г

Пияз - 2 дана

Тұз, қара бұрыш, дәмдеуіштер - дәміне қарай

Ұсақталған кепкен нан - 50 г

Жұмыртқа - 1 дана

Cүт - 50 мл

Томат пастасы - 2 шай қасық

Қатты ірімшік - 150 г

Дайындалуы

1. Картопты пісіреміз

Картопты пісіріп аламыз. Скриншот
Картопты пісіріп аламыз. Скриншот: YouTube/Nariman Ariana

Алдымен картопты қабығынан аршып, жақсылап жуып аламыз. Сосын ірілеу етіп тураймыз. Туралған картопты кастрюльге салып, үстіне су қоямыз. Суды қайнатып, картопты пісіреміз.

2. Котлетке қажет тартылған етті дайындаймыз

Тартылған етті дайындаймыз. Скриншот
Тартылған етті дайындаймыз. Скриншот: YouTube/Nariman Ariana

Тартылған етті шұңғыл ыдысқа саламыз. Екі пиязды ет тартқыштен өткізіп, етке қосамыз. Дәміне қарай тұз, қара бұрыш пен дәмдеуіштерді қосамыз. Сонымен бірге ұсақталған кепкен нан мен бір жұмыртқаны қосып, барлығын жақсылап араластырамыз.

3. Котлеттерді жасаймыз

Котлет жасаймыз. Скриншот
Котлет жасаймыз. Скриншот: YouTube/Nariman Ariana

Алдымен противеньге сұйық май жағамыз. Сосын қолымызға сұйық май жағып, котлеттерді жасаймыз. Барлық котлетті противеньге қоямыз. Котлеттерді алдын ала қызған пешке қойып, пісіріп аламыз.

4. Піскен картоптан пюре жасаймыз

Піскен картоптан пюре жасаймыз. Скриншот
Піскен картоптан пюре жасаймыз. Скриншот: YouTube/Nariman Ariana

Піскен картопқа 50 мл сүт құйып, дәміне қарай тұз сеуіп, картоп пюресін дайындаймыз.

5. Пюреден котлет жасаймыз

Картоп пюресі. Скриншот
Картоп пюресі. Скриншот: YouTube/Nariman Ariana

Дайын болған пюреден котлет жасаймыз. Сосын оны ет котлеттерінің үстіне қоямыз. Бөлек ыдысқа аздаған су құйып, оған екі шай қасық томат пастасын қосамыз. Екеуін араластырып, противеньдерге котлеттерге құямыз.

6. Котлеттің бетіне қатты ірімшік сеуіп, пісіреміз

Қатты ірімшік себеміз. Скриншот
Қатты ірімшік себеміз. Скриншот: YouTube/Nariman Ariana

Ірімшіктті үккіштен өткіземіз. Сосын котлеттердің бетіне себеміз. Противеньді 180 градустағы пешке, тағы да 20 минутқа салып, пісіреміз. Картоп пюресі қосылған мұндай ерекше котлетті кез келген гарнирмен бірге дастарханға ұсына аласыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2142168-kartop-piuresi-qosylgan-erekshe-kotlet-ariana-daurenqyzynan-damdi-keshki-astyng-retsebi/