Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түсіңде қан көрсең не болады: мұндай түстің бәрі жамандықты білдіре ме

Жарияланған күні:

Читать на русском
Стақан
Стақан. Көрнекі фото: pixabay.com

Қан туралы түстер шығын мен ауру-сырқаудан да, мол пайда мен көмектен де хабардар етуі мүмкін. Мұндай түске байланысты уайымды дұрыс жору арқылы сейілтуге болады. Ендеше танымал түсжорушылардың еңбегіне сүйеніп, адам түсінде неге қан көруі мүмкін екенін, ол нені білдіретінін анықтап көрейік.

Миллердің жоруы

Миллерде қан – жағымсыз белгі. Ол мұндай түсті жағдайға қарай түсіндіреді:

  • Адам түсінде жарадан аққан қанды көрсе, ондай түс үрейді, ауру-сырқауды, қызметтегі проблемаларды білдіреді.
  • Киімдегі қан – түскөрушінің мансабын құртқысы келетін қызғаншақ адамдардың айла-шарғысының белгісі. Жаңа таныстарға сенбеңіз және барлық нәрседе интуицияға сеніңіз.

Қолдағы қан нені білдіреді? Қолдағы қан сәтсіздікті білдіреді. Оның алдын алуға істегі реттілік пен денсаулыққа жіті көңіл бөлу көмектеседі.

Лоффтың жоруы

Лофф қан туралы түстер жағымсыз жаңалықтар мен оқиғалардың хабаршысы деп санайды. Егер адам түсінде дұшпанының денесіндегі қанды көрсе, онда жеңіске жетеді. Символдың негізгі түсіндірмесі: әл-қуаттың азаюы, қаржылық қиындықтар, рухани дағдарыс немесе өмірлік мақсат-мұраттың жоғалуы.

Қан туралы түстер туыстық қатынастарды білдіреді. Түсте қанмен сурет салу, қан ішу, құрбандық шалу жораларына қатысу окульттық ғылымқа деген қызығушылық оянатынын білдіреді.

Кітап оқып отырған әйел
Әйел. Көрнекі фото: pixabay.com

Нострадамустың жоруы

Нострадамустың түсжоруы бойынша, қан өмірдегі елеулі өзгерістерді болжайды. Түсті контекстке байланысты жору қажет:

  • Адамның өзінің үстіндегі қан жақын туыстардан жаңалық болатынын білдіреді.
  • Түсінде қан кету – уақытша жалғыздықтың белгісі.

Адам түсінде басқа адамның үстіндегі қанды көрсе не болады? Біреудің қанын төгу – мәселелерді шешуде бейқамдықты білдіреді. Егер адам түсінде жақын адамынан қан кетіп жатқанын көрсе, түсіне кірген адамның эгозимінен зардап шегіп жүргенін білдіреді. Қанға малынған жер жаһандық сынақтар мен қақтығыстарды білдіреді.

Фрейдтің жоруы

Фрейдтің пайымдауынша, терең ұйқы фазасында адамның түсіне бұрын өтіп кеткен оқиғалар кіреді, ал жақында болған жайттар таңға жуық кіреді. Қан туралы түсті нақты қашан көргеніңізге мән беріңіз. Бұл болған жайттарды талдауға және қорытынды жасауға көмектеседі.

Бала ұйықтап жатыр
Ұйықтап жатқан бала. Көрнекі фото: pixabay.com

Хассенің жоруы

Хассенің пікірінше, ашық түсті қан шаттық пен позитивті білдіреді. Ұйыған қан – ауру-сырқаудың белгісі. Егер адам түсінде соғысып жүріп, біреудің қанын төксе немесе оны сырттан бақылап тұрған болса, негізсіз асығыстықтан туындайтын қиындықтарға тап болады.

Түсінде қан ішу жақсылықтан үміттенуді білдіреді. Жерге төгілген қан бақыт пен сәттілікті білдіреді. Ал көп қан нені білдіреді? Егер адам түсінде қанда жүзіп жүрсе, қиындыққа тап болады. Жануарлардың қаны жоспарлар орындалатынын білдіреді, ал басқа адамдардың үстіндегі қан – ауру-сырқаудың белгісі.

Юнонаның жоруы

Юнонының түсжоруы бойынша қан – өміршеңдіктің, қуат пен күштің символы. Қан кету – маңызды символ. Жақсы мағынасында қан кету жақынарада жақын адамға көмектесетіндігіңізді білдіреді.

Жағымсыз мағынада қан түскөрушіге деген басқа адамдардың қара ниетін білдіреді. Тілден-көзден қорғанып жүріңіз.

Феломеннің жоруы

Адамның түсінде қан кету нені білдіреді? Феломенаның жоруы бойынша, қан кету қиыншылықты білдіреді, әсіресе оны тоқтату мүмкін болмаса. Бұл ұйықтап жатқан адамды шаршатып, әлсірететін ұзаққа созылатын аурудың хабаршысы болуы мүмкін.

Адамның түсінде мұрынан қан кетсе, сырқатты, ал саудагердің түсінде мұрынан қан кетсе, жағдайы қиындайтынын білдіреді. Бойдақ ер адам қан көрсе, көп ұзамай үйленеді. Ерлі-зайыптылар үшін түсіндегі қан – татуласумен аяқталатын жанжалды білдіреді.

Әйел мен ер адам
Әйел мен ер адам. Көрнекі фото: Courtney Hale / Getty Images

Ванганың жоруы

Ванга үшін қан туысқандықтың символы болып саналады және онымен байланысты барлық түсіндірмелер туыстарымен немесе жақын адамдарымен байланыстырылады. Түсінде құрбандық шалып, қан көру түскөрушінің жақын адамын ұятқа қалдыратынын білдіреді. Бұл жағдайда басқа адамдардың интригаларының құрбаны болмау үшін дер кезінде тоқтау маңызды.

Түсінде қанды көру – жанжалдың белгісі. Қанға боялған киім – абыройдың төгілуі. Қанды тоқтатуға тырысу – қайтыс болған жақын адамын сағыну.

Суреттің үстінде жатқан гүл
Ескі сурет. Көрнекі фото: pixabay.com

Адам түсінде қан көрсе, ол жақын адамдарымен арақатынасына сызат түсетінін білдіреді. Дегенмен мұндай түсті контекстке қарай жору керек. Ол үшін бірнеше түсжорушының тұжырымын салыстыра келе, бір қорытындыға келген абзал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2142756-tusingde-qan-korseng-ne-bolady-mundai-tusting-bari-zhamandyqty-bildire-me/