Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үлпілдек құймақ: Ариана Дәуренқызынан ерекше таңы ас рецебі

Жарияланған күні:

Үлпілдек құймақ. Скриншот
Үлпілдек құймақ. Скриншот: YouTube/Nariman Ariana

Таңғы асқа қыз-келіншектер құймақтың түр-түрін дайындап жатады. Ал, үлпілдек құймақты қалай даярлауға болады? Бүгінгі рецепттен білетін боласыздар.

Үлпілдек құймақты үй жағдайында оңай әрі тез дайындауға болады. Ерекше таңғы астығ рецебімен бүгін сіздерді танымал фудблогер Ариана Дәуренқызы өзінің YouTube арнасында таныстыратын болады.

Сипаттамасы

Асхана: славян елдері

Санаты: тіскебасар

Дайындалу уақыты: 10 минут

Дайын болу уақыты: 5 минут

Құрамы

Ұн - 240 г

Тұз - шым-шым

Сода - 0,5 шай қасық

Қант - 2-3 ас қасық

Жұмыртқа - 1 дана

Жылы айран - 250 г

Дайындалуы

1. Қамырдың құрғақ құрамын араластырамыз

Ұнның құрғақ құрамын араластырамыз. Скриншот
Ұнның құрғақ құрамын араластырамыз. Скриншот: YouTube/Nariman Ariana

Ұнды шұңғыл ыдысқа електен өткізіп, саламыз. Аздаған тұз бен соданы қосып, жақсылап араластырамыз.

2. Қант пен жұмыртқаны араластырамыз

Қант пен жұмыртқаны араластырамыз. Скриншот
Қант пен жұмыртқаны араластырамыз. Скриншот: YouTube/Nariman Ariana

Бөлек ыдысқа қантты себеміз. Үстінен жұмыртқаны саламыз. Екеуін жақсылап араластырамыз. Сосын жылы айранды құйып, тағы да жақсылап араластырып аламыз.

3. Құймақтың құрғақ және сұйық құрамын араластырамыз

Қамырдың құрғақ және сұйық құрамын араластырамыз. Скриншот
Қамырдың құрғақ және сұйық құрамын араластырамыз. Скриншот: YouTube/Nariman Ariana

Сұйық құрамға ұнды салып, барлығын жақсылап араластырамыз. Қамырдың консистенциясы қаймаққа ұқсас қою болуы керек. Қамырды 5 минутқа тындырып қоямыз. Құймақты пісіру жеңіл болу үшін, тындырылған қамырды кондитерлік пакетке саламыз.

4. Құймақтарды пісіреміз

Құймақтарды пісіреміз. Скриншот
Құймақтарды пісіреміз. Скриншот: YouTube/Nariman Ariana

Қызып тұрған табаға сұйық майды құйып, қыздырып аламыз. Сосын ішіне құймақтарды құйып, екі жақ беті қызарғанша пісіріп аламыз.

5: Құймақтарды дастарханға ұсынамыз

Дайын болған құймақтарды дастархан ұсынамыз. Скриншот
Дайын болған құймақтарды дастархан ұсынамыз. Скриншот: YouTube/Nariman Ariana

Дайын болған құймақтарды дастархан варенье, қаймақ немесе джеммен ұсынсаңыз болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2144350-ulpildek-quimaq-ariana-daurenqyzynan-erekshe-tangy-as-retsebi/