Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Даргин хинкал: Ариана Дәуренқызынан дағыстандық ең дәмді тағамның рецебі

Жарияланған күні:

Дағыстандық даргин хинкалы. Скриншот
Дағыстандық даргин хинкалы. Скриншот: YouTube/Aknur Tilekkyzy

Даргин хинкалы - Дағыстан асханасының ең дәмді тағамдарының бірі саналады. Дәмі тіл үйіретін ерекше тағамды үй жағдайында оңай әрі тез дайындауға болады.

Даргин хинкалы — Дағыстан халқында қонақжайлылық пен отбасылық берекенің символы. Үй жағдайында оңай әрі тез дайындалатын тағамның рецебімен фудблогер Ақнұр Тілекқызы таныстырады.

Сипаттамасы

Асхана: Дағыстан

Санаты: басты тағам

Дайындалу уақыты: 15 минут

Дайын болу уақыты: 1 сағат

Құрамы

Жұмыртқа - 1 дана

Аскөк - дәміне қарай

Қант - 0.5 шай қасық

Қызанақ - 3 дана

Ұн - 300 г

Өсімдік майы - мөлшеріне қарай

Пияз - 2 дана

Картоп - 5 дана

Балғын шөптер - дәміне қарай

Тұз, қара бұрыш - дәміне қарай

Су - 550 мл

Құрғақ дрожжи - 1 ас қасық

Ет фаршы - 500 г

Дайындалуы

1. Қамыр илейміз

Қамыр илейміз. Скриншот
Қамыр илейміз. Скриншот: YouTube/Aknur Tilekkyzy

Бөлме температурасындағы суға бір шай қасық тұз бен жарты шай қасық қант қосамыз. Сосын суды ұнға ақырындап құйып, қамыр илейміз. Дайын болған қамырды жарты сағатқа тындыруға қоямыз.

2. Тартылған етті дайындаймыз

Тартылған етті дайындаймыз. Скриншот
Тартылған етті дайындаймыз. Скриншот: YouTube/Aknur Tilekkyzy

Пиязды қабығынан аршып, ұсақтап тураймыз. Оны тартылған етке қосамыз. Етке сондай-ақ бір жұмыртқа, дәміне қарай тұз, қара бұрышты қосып, барлығын жақсылап араластырамыз.

3. Котлеттерді даярлаймыз

Тартылған еттен котлет дайындаймыз. Скриншот
Тартылған еттен котлет дайындаймыз. Скриншот: YouTube/Aknur Tilekkyzy

Тартылған еттен орташа көлемде котлеттерді дайындаймыз. Сосын табаға өсімдік майын құйып, оны қыздырамыз. Қызған майға котлеттерді салып, екі жақ беті қызарғанша қуырып, пісіріп аламыз.

4. Қамырдан шағын рулеттер дайындаймыз

Қамырдан рулеттер дайындаймыз. Скриншот
Қамырдан рулеттер дайындаймыз. Скриншот: YouTube/Aknur Tilekkyzy

Тындырылған қамырды жұқа етіп жайып аламыз. Үстіне өсімдік майын жағып, рулет етіп ораймыз. Сосын оны кішігірім рулеттерге бөліп, тураймыз.

5. Тағамды пісіреміз

Тағамды пісіреміз. Скриншот
Тағамды пісіреміз. Скриншот: YouTube/Aknur Tilekkyzy

Пияз бен картоптың қабығын аршимыз. Пиязды жіңішке етіп, ал картоп пен қызанақты ұзындау етіп тураймыз. Қазанға өсімдік майын құямыз. Алдымен оған пиязды, сосын котлеттерді, кейін картопты саламыз. Дәміне қарай тұз қосамыз. Соңында қазанға қызанақ пен балғын шөптерді саламыз. Сосын бетіне қамыр рулеттерін орналастырамыз. Сосын су қосып, даргин хинкалын жарты сағат бұқтырып, тағамды пісіреміз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2144355-dargin-hinkal-ariana-daurenqyzynan-dagystandyq-eng-damdi-tagamnyng-retsebi/