Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қатпарлы қамырдан жасалатын кремі бар түтікшелер: Риза Нұрланқызынан ерекше десерт рецебі

Жарияланған күні:

Тәтті түтікшелер. Скриншот
Тәтті түтікшелер. Скриншот: YouTube/ Riza Nurlankyzy

Кремді түтікшелер - дәмі тіл үйіретін десерттердің бірі. Оны үй жағдайында оңай әрі тез даярлауға болады. Бүгінгі материалда ішінде кремі бар, қатпарлы қамырдан жасалатын тәтті түтікшелердің рецебімен таныс боласыздар.

Ішінде кремі бар мұндай тәтті түтікшелерді үй жағдайында оңай әрі тез жасалатын рецебімен фудблогер Риза Нұрланқызы таныстыратын болады. Танымал фудблогердің YouTube арнасынан осы сияқты түрлі тағамдардың жасалу жолдарымен таныс бола аласыздар.

Сипаттамасы

Асхана: Еуропа

Санаты: десерт

Дайындалу уақыты: 5 минут

Дайын болу уақыты: 40 минут

Құрамы

Жұмыртқа - 1 дана

6-7% асхана сірке суы - 1 шай қасық

33% кілегей - 200 мл

Ұн - 400 г

Тұз - дәміне қарай

Су - 100 мл

Қант ұнтағы - 50 г

Ірімшік сыры - 300 г

82,5% сары май

Дайындалуы

1. Сары майды үккіштен өткіземіз

Сары майды үккіштен өткіземіз. Скриншот
Сары майды үккіштен өткіземіз. Скриншот: YouTube/ Riza Nurlankyzy

Сары майды үккіштен өткізбестен бұрын, оны алдын ала тоңазытқышқа салып қойыңыз. Сосын шұңғыл ыдысқа ұнды електен өткізіп, саламыз. Үстінен ірі үккіштен сары майды өткіземіз. Сары майды ара-арасында суық суға малуды ұмытпаңыздар.

2. Қамырдың сұйық құрамын дайындаймыз

Қамырдың сұйық құрамын араластырамыз. Скриншот
Қамырдың сұйық құрамын араластырамыз. Скриншот: YouTube/ Riza Nurlankyzy

Үккіштен өткен май мен ұнды араластырамыз. Сосын бөлек ыдысқа 100 мл cуық суды құйып, үстінен бір жұмыртқаны жарып, қосамыз. Сірке суы мен шым-шым тұз қосамыз. Барлығын араластырып, ұнға құямыз.

3. Қамыр илейміз

Қамыр илейміз. Скриншот
Қамыр илейміз. Скриншот: YouTube/ Riza Nurlankyzy

Барлық құрамды араластырып, жұмсақ қамыр илейміз. Дайын болған қамырды 2-3 сағатқа тоңазытқышқа немесе 40-45 минутқа мұздатқышқа қоямыз.

4. Қамырды жаямыз

Қамырды жаямыз. Скриншот
Қамырды жаямыз. Скриншот: YouTube/ Riza Nurlankyzy

Дастарханға ұнды сеуіп, үстіне қамырды қоямыз. Тынған қамырды екіге бөлеміз. Қамырдың жартысын 2 мм қалыңдықта, жұқа етіп жаямыз. Жайылған қамырды 3 см болатын жолақ етіп, кесеміз. Қамырдың екінші бөлігін де дәл осылай етіп жаямыз.

5. Түтікшелерді дайындаймыз

Түтікшелерді дайындаймыз. Скриншот
Түтікшелерді дайындаймыз. Скриншот: YouTube/ Riza Nurlankyzy

Түтікшелерді дайындау үшін, пішіні конус тәрізді болып келетін, металл түтікшелерді пайдаланамыз. Оны әр жолаққа қойып, түтікшенің бойымен қамырды ораймыз. Жолақтың артық қалған қамырымен, түтікшелердің шетін жақсылап жабыстырып қоямыз. Сонда түтікшенің қамыры піскен кезде, бір-бірінен ажырамайтын болады. Түтікшелердің бетіне жұмыртқа жағып шығамыз.

6. Түтікшелерді пісіреміз

Түтікшелерді пісіреміз. Скриншот
Түтікшелерді пісіреміз. Скриншот: YouTube/ Riza Nurlankyzy

Пешті алдын ала қыздырып қоямыз. Противеньге түтікшелерді салып, 180 градуста, 20-25 минут бойы пісіріп аламыз. Дайын болған түтікшелердің ішінен металл түтікшелерді алып шығамыз.

7. Крем дайындаймыз

Крем дайындаймыз. Скриншот
Крем дайындаймыз. Скриншот: YouTube/ Riza Nurlankyzy

Ірімшік сырын ыдысқа саламыз. Сосын үстінен 50–60 г қант ұнтағын себеміз. Екеуін жақсылап араластырған соң, майлы кілегейді қосамыз. Барлығын миксермен жақсылап араластырамыз.

8. Кремді түтікшелерге саламыз

Кремді түтікшелерге саламыз. Скриншот
Кремді түтікшелерге саламыз. Скриншот: YouTube/ Riza Nurlankyzy

Дайын болған кремді суып тұрған түтікшелерге саламыз. Ол үшін кондитер қабын пайдалансаңыз болады. Осылайша, кремі бар түтікшелер дайын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2149323-qatparly-qamyrdan-zhasalatyn-kremi-bar-tutiksheler-riza-nurlanqyzynan-erekshe-desert-retsebi/