Долларды сату мен сатып алу айырмашылығы 6 теңгеге дейін өседі
Жарияланған күні:
Қазақстанда долларды сату мен сатып алу айырмашылығы 6 теңгеге дейін өседі.
Бұл туралы Ұлттық банк хабарламасында көрсетілген.
"Уәкілетті банктердің және уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектері:
1) АҚШ доллары үшін – 6 теңге;
2) еуро үшін – 7 теңге болып белгіленсін", - делінген хабарламада.
Естеріңізде болса, Ұлттық банктің бұрынғы төрағасы Қайрат Келімбетов долларды сату мен сатып алу айырмашылығы 2 теңгеден өзгермейтінін айтқан болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1003934-dollardy-satu-men-satyp-alu-ayyrmashyl/