Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда ең көп жалақы алатын маман иелері белгілі болды

Жарияланған күні:

Қазақстандық компаниялар 24 мың адамды жұмысқа алуға әзір. Елімізде қай мамандық иелері ең жоғары жалақы алатыны да белгілі болды. Бұл туралы NUR.KZ порталы Energyprom баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бос жұмыс орындарының төрттен бірін мемлекеттік қызметтер құрайды, тағы 17,9%-ы өнеркәсіптік салаға тиесілі.

2016 жылдың аяғында түрлі компаниялардағы бос жұмыс орындарының саны 24 мыңға жеткен. Бұл 2015 жылдың аяғымен салыстырғанда 8,6%-ға көп.

Бос жұмыс орындарының дені ірі қалаларға тиесілі - 5,3 мыңы Астанаға (22,2%), 3,2 мыңы Алматыға (13,5%). Айта кетерлігі, Астанада бос жұмыс орындар саны өсіп жатса, Алматыда, керісінше азайып жатыр. Ал жұмыс орындарының көбеюі жағынан Қызылорда облысы көш бастады.

Мемлекеттік басқару мен қорғаныс, міндетті әлеуметтік қамсыздандыру салаларында мамандар тапшы, шамамен 5,9 мың маманға жұмыс орны дайын тұр. 

Одан кейінгі орындарға, өнеркәсіп пен транспорт-логистика саласы жайғасты.

Елімізде ең жоғары жалақы ғылым және техника саласындағы мамандарға тиесілі болып шықты. Олар айына шамамен 336 мың теңге орташа жалақы алады.

Ал еліміздегі жалпы орташа жалақы мөлшері айына 156,9 мың теңгені құрайды.

Жақсы жалақы төленетін мамандықтар қатарына қаржы мен сақтандыру және ақпарат пен байланыс салалары да енді  (сәйкесінше, 292,2 мың теңге және 205,5 мың теңге).

Тағы оқыңыздар:

Ел билігіндегі ең сымбатты шенділер кімдер?

Өзін "Коре" руынан санайтын кәріс қызы қазақ тіліне ессіз ғашық

Баян Есентаева сүйіктісі екеуіне тап берген бойжеткеннің кім екенін айтты

Жасанды өнімдер адам денсаулығына қаншалықты зиян тигізеді?

Белгісіз біреулер тікелей эфирде екі журналисті өлтіріп кетті

Марсқа қала салынатыны рас па? (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1411046-qazaqstanda-enh-kop-zhalaqy-alatyn-kimd/