Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елдегі интернет дәріханаларда парацетамол мен басқа дәрілердің бағасы қанша

Жарияланған күні:

Көптеген қазақстандық дәріхананаларда дәрі жоқ екенін, ал бар препараттардың бағасы тым қымбат екенін айтып, шүйлігіп жатыр. Нұрфин журналистері интернет дәріханалардың асоритиментін анықтап, олардың бағасын және құнның бекітілген заңға қаншалықты сәйкес екенін теексерді.

Елдегі интернет дәріханаларда парацетамол мен басқа дәрілердің бағасы қанша
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Біз вирусқа қарсы, дене қызуын түсіретін және қабынуға қарсы Парацетамол, Цитрамон П, Ципрофлоксацин және Ацетилсалицил қышқылы сынды дәрі-діәмекпен танысуды жөн көрдік

Ол үшін интернеттегі Аптекаплюс, Биосфера, Рауза-АДЕ және Europharma дәріханаларын қарадық. Біз қарастырған препараттарды 2020 жылдың 14 шілдесінде Алматы қаласынан іздедік.

Парацетамол

Біз 10 таблеткадан тұратын қағаз блистердің бағасымен таныстық. Мұндай формадағы парацетамолды әдетте екі өндіруші ұсынады: Ресей Ирбит химия-фармацевтика зауыты және беларусь Борис медициналық препараттар зауыты.

Бастапқыда біз бұл өндірушілердің препараттарына заңмен бекітілген шекті бағаны білдік: Ирбит және Борис зауыттары өнімінің қаптамасына тиісінше 128 және 33 теңге. Енді Парацетамолдың интернет дәріханадағы бағасына назар аударайық.

Аптекплюсте белоруссиялық Парацетамол 25 теңге тұрады, бірақ ол жоқ. Ал ресейлік препараттың бағсы 110 теңге.

Биосферада да осындай жағдай. Арзан өндірушінің парацетамолы 30 теңге тұрады, бірақ жоқ. Ал Ирбит химзауытының препараты 80 теңге тұрады, ол бар.

Рауза-АДЕ дәріханасында ресейлік өндірушінің Парацетамолы 125 теңге, ал белоруссиялық дәрі 95 теңге тұрады. Бұл заңда бекітіліген шекті бағадан үш есе қымбат.

Europharma дәріханасында 14 шілдеде Борис зауытының парацетамолы бар, бағасы 27 теңге. Бірақ, Ирбит зауытының препараты жоқ және ешқандай бағасы көрсетілмеген.

Цитрамон П

Анальгетикалық, ыстықты түсіретін және қабынуға қарсы дәрілік зат - бірнеше белсенді зат жиынтығы. Бірақ осы атаулы препаратты бірнеше өндіруші шығарады.

Интернет дәріханаларда тек Ирбит химзауытынан шығатын Цитрамон П дәрісі болды. Заң бойынша 10 таблетка үшін шекті баға 137 теңге.

Препарат Аптекаплюсте 100 теңге тұрады.

Биосферда80 теңге.

Рауза-АДЕ дәріханасында95 теңге.

Europharma дәріханасында59 теңге.

Ципрофлоксацин

Кең спектрлі микробқа қарсы құрал әртүрлі фармацевтикалық атауларда сатылады. Ең арзандардың бірі - "Синтез" компаниясының Ципрофлоксацин дәрісі. Қаптамасында салмағы 0,25 грамм болатын 10 таблетка бар.

Сол дозада қымбат аналогы-Ципролет препараты.

Ципрофлоксацинге заңмен 130 теңге шекті баға белгіленген. Ал Ципролетке - 595 теңге.

Аптекаплюсте арзан аналогтың бағасы шекті бағаға сәйкес келеді. Құны 130 теңге. Қымбатырақ препаратқа да рұқсат етілген баға - 590 теңге қойылған. Екеуі де дәріханада бар.

Биосферада Ципрофлоксацин мен Ципролет бағасы 130 және 595 теңге. Олар тиісіеше шекті бағаға сәйкес келеді.

Рауза-АДЕ дәріханасында тек Ципролет бар. Бағасы 520 теңге.

Europharma дәріханасында да қымбатырақ аналог бар. Бағасы 594 теңге.

Ацетилсалицил қышқылы

Ацетилсалицил қышқылының он таблеткасы бар әдеттегі қаптамалары негізінен Белоруссияда жұмыс істейтін Борис медициналық препараттар зауытынан және Ресейдегі Ирбит Химия-фармацевтикалық медициналық препараттар зауытынан шығарылады.

0,5 грамм мөлшеріндегі препаратқа заң бойынша бекітілген шекті баға: белоруссиялық өндірушіге 62 теңге, ресейлікке 128 теңге.

Аптекаплюсте Борис және Ирбит зауыттарынан шыққан Аспирин бағасы бірдей 60 теңге. Беларусь препараты бар, ал ресейлік жоқ.

Биосферада да осындай баға. Екі өндіруші препараттары да бар.

Рауза-АДЕ дәріханасында белорусиялық өндірушінің Ацетилсалицил қышқылы бар. Қаптамасы 45 теңге.

Europharma дәріханасына қос өндірушінің де Аспирині бар. Бори зауытының препараты 50 теңге, ал Ирбит зауытының дәрісі 41 теңге.

Интернет-дәріхананың жалпы қоймасында қандай да бір препараттың болуы тиісті желінің барлық жеке филиалдарында кепілдік берілетінін білдірмейді. Сондықтан, call-орталық арқылы препараттың қандай мекен-жайын білуге болады.

Әр дәріханада дәрілерге онлайн тапсырыс беріп, өзіңіз алып кетуге немесе жеткізу қызметін пайдалануға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1864964-eldegi-internet-drihanalarda-paracetamol-men-baska-drilerdi-bagasy-kansa/