Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда бір уақытта екі зейнетақыны қалай алуға болады

Опубликовано:

Зейнетақы
Көрнекі фото: vesti.ua

Қазақстандықтардың зейнетақысын шартты түрде мемлекеттік және жинақтаушы құрамдас бөліктерге бөлуге болады. Бірден екі зейнетақыны қалай алу керектігін Нурфин мақаласынан оқыңыз.

Қазақстан азаматы зейнетке шыққан кезде мемлекеттік бюджеттен базалық және міндетті құрамдас бөліктерден құралған зейнетақы алады. Оның минималды және максималды мөлшерлері жыл сайын есептік көрсеткіштердің өсуіне байланысты өзгереді.

Егер азаматтың Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жинағы бар болса, онда ол БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін рәсімдеп, оларды мемлекеттік зейнетақымен бірге алады, нәтижесінде зейнетақы мөлшері көбірек болады.

Ол үшін сіз мемлекеттік зейнетақы тағайындалған болса да, БЖЗҚ-ға бөлек жүгінуіңіз керек.

Зейнетақы төлемі қалай есептеледі?

БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемінің мөлшері зейнеткердің жасына сәйкес келеді. Мысалы, зейнетақы алушы 65 жаста болса, бір жыл ішінде ол шотта қалған жинақ сомасы көлемінің 0,11121-ін алуы керек. Яғни, бір айлық төлем жинақталған қаражаттың шамамен жүзден бір бөлігін құрайды. Мұндай есептеулер 79 жасқа дейін салымшының әр жылы үшін жасалады.

Бұл ретте ең төменгі зейнетақы төлемі күнкөрістің ең төменгі деңгейінің 54% -на тең болуы керек, келесі жылы ол 18 524 теңгені құрайды.

Егер зейнеткердің жасына қарай соманы есептеу кезінде ай сайынғы төлем аз болып шықса, онда жоғарыда көрсетілген ең төменгі сома зейнетақы жинақтары біткенше төленеді.

Яғни, бұл жағдайда жинақ 79 жасқа толғанға дейін бітіп қалуы мүмкін.

Зейнетақыны сақтандыру төлемдерінің артықшылықтары

Бір уақытта екі зейнетақы алу үшін Қазақстанның кейбір сақтандыру компаниялары зейнетақы аннуитеті келісімшартын жасасуды ұсынады.

Сақтандыру компаниялары зейнетақыны Қазақстандағы қазіргі зейнеткерлік жастан 8 жыл бұрын алып бастау мүмкіндігін беретіні кей қазақстандықтардың қызығушылығын оятуда.

Яғни ер адамдар 55 жастан бастап зейнетақы аннуитетін рәсімдей алады, ал 2021 жылы әйелдер 52 жасында мерзімінен бұрын аннуитет арқылы зейнетке шыға алады.

Заңға сәйкес, зейнетақыны сақтандыру төлемінің ең төменгі мөлшері міндетті зейнетақының ең төменгі мөлшерінен кем болмауы керек, яғни келесі жылдан бастап ол 43 272 теңгені құрайды. Соңғы жылдары бұл көрсеткіштің жыл сайынғы өсімі 7% құрап отыр.

Және мұндай төлемдер сақтандырылған зейнеткерге 79 жасқа дейін емес, өмірінің соңына дейін төленеді. Оның үстіне, төлемдердің жалпы сомасы зейнетақы жинақтарының мөлшерінен асып кете ме, жоқ па, маңызды емес.

Зейнетақыны сақтандыру төлемдерін алушы зейнеткерлік жасқа жеткенде мемлекеттік бюджеттен өзіне тиесілі зейнетақы тағайындауға да өтініш бере алады. Осылайша екі зейнетақыны қатарынан аулға болады.

Егер зейнетақы аннуитетін рәсімдегеннен кейін зейнетақы жарналарын салуды жалғастыра берген болсаңыз, сондай-ақ БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін ала аласыз,

Зейнетақыны сақтандыру төлемдерінің кемшіліктері

Зейнетақы аннуитетіне жүгіну мүмкіндігін азайтатын негізгі кемшіліктердің бірі - жеткілікті зейнетақы жинақтарының болмауы.

Freedom Finance Life өмірді сақтандыру компаниясының мәліметінше, мұндай зейнетақы аннуитетін рәсімдеу үшін еркектерде ең аз дегенде 11 201 750 теңге, ал әйелдерде 15 338 471 теңге жинағы болуы керек.

БЖЗҚ мәліметтері бойынша, Қазақстанда жинақ ақшасы 8 миллион теңгеден асатын 150 мыңға жуық қазақстандық бар.

Ал сақтандыру компанияларының мәліметтері бойынша, соңғы бес жыл ішінде қазақстандықтар 15 565 зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан.

Тағы бір кемшілік - сақтандыру компаниясына аударылған зейнетақы жинақтары қайтыс болған зейнеткердің туыстарына мұра ретінде берілмейді.

Алайда зейнетақы аннуитетін рәсімдеу кезінде қосымша төлем жасау арқылы зейнеткер қайтыс болғаннан кейін мұрагерлеріне зейнетақыны сақтандыру төлемдерін біраз уақыт бойы алуына мүмкіндік беретін тармақты қоса алады.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда ең төменгі және ең жоғары зейнетақы мөлшері қандай екенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1891242-kazakstanda-bir-uakytta-eki-zejnetakyny-kalaj-aluga-bolady/

pixel