Қазақстанда жанармай бағасы қымбаттап кетті
Жарияланған күні:
Елдегі жанармай құю бекеттерінде ең танымал бензин маркасының литрі қымбаттады. Бағаның көтерілу себептері туралы Нұрфин материалынан оқыңыз.
Бензин – жеңіл автокөліктерде қолданылатын негізгі отын. Тауарлар мен қызметтердің бағасы да белгілі бір дәрежеде оның құнына байланысты. Тауарларды тасымалдау шығындарын кәсіпкерлер ескереді.
Бұған дейін қазақстандықтар АИ-92 бензиніне литріне орташа есеппен 150 теңге жұмсаған. Бірақ қазір елдегі жанармай құю бекеттеріндегі баға литріне 160 теңгеге дейін өсті.
Яғни, ел бойынша орта есеппен 7 теңгеге өскен.
Бұл туралы Atameken Business Telegram арнасы хабарлайды.
Бағалар неліктен өседі
Дереккөздің хабарлауынша, бағаның көтерілуінің бірнеше себебі бар. Оларға мыналар жатады:
- карантиндік шаралар жойылғаннан кейін сұранысты қалпына келтіру,
- әлемдік тауар нарықтарындағы бағаның өсуі.
Екінші фактор ішкі нарықтағы бағалар мен экспорт арасындағы айырмашылыққа ерекше әсер етті.
Бұрын жер қойнауын пайдаланушылар ішкі нарықта мұнай өңдеу зауыттарына арналған отынды сату кезінде 40-50 доллар аралығында жеңілдік беретін. Алайда, қазір бұл жеңілдік мұнайдың әр тоннасы үшін 80-130 долларға дейін өсті.
"Жер қойнауын пайдаланушы, мемлекет пен тұтынушы арасында тепе-теңдікке келу керек деп санаймыз. Бұл жер қойнауын пайдаланушының экономикасын жақсартуға мүмкіндік беретін шағын ғана бөлік. Жанармай бағасы әлі де өседі. Бізге оңтайлы баға АИ-92 үшін 180-185 теңгені құрайды", – деп атап өтті мұнай өнімдері нарығының сарапшысы Ерлан Жаукин.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1901077-qazaqstanda-zanarmai-bagasy-qymbattap-ketti/