Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Михаил Ломтадзе үшінші жыл қатарынан ең үздік компания басшысы атанды

Жарияланған күні:

Михаил Ломтадзе
Михаил Ломтадзе. Фото: Kaspi.kz

Kaspi.kz-тің негізін қалаушылардың бірі және басшысы Михаил Ломтадзе PricewaterhouseCoopers (PwC) халықаралық жетекші консалтинг компаниясы өткізген СЕО Survey 2021 сауалнамасының нәтижесі бойынша Қазақстандағы ең үздік компания басшы болып танылды. Михаил үшінші рет қатарынан үздік атанып отыр.

Михаил Ломтадзе бұл туралы былай дейді:

«Біздің жұмысымызды бағалағандардың барлығына және зерттеуді жасаған PwC компаниясына алғыс айтамын. Бұл сүйікті клиенттеріміздің өмірін жақсартып, инновациялық сервистер жасап жүрген біздің тамаша командамызды кезекті мойындау. Өткен жылы біз Kaspi.kz-тің табысты IPO-сын өткізіп, Қазақстанды әлемдік инновация картасына қостық және халықаралық инвесторлар алдында еліміздің тартымдылығын біршама арттырдық. Біз өз тарапымыздан сүйікті клиенттерімізді ары қарай да әлемдік деңгейдегі инновациялық қызметтермен қуанта беруге уәде береміз».

Зерттеуге экономиканың түрлі секторындағы қазақстандық компаниялардың 71 басшысы қатысқан. Респонденттер Kaspi.kz-тің ІРО-ға табысты шығуы мен команданың кәсібилігі, компанияның технологияға бейімділігі мен Kaspi.kz басшысының стратегиялық көрегендігін атап өткен.

PwC аталған зерттеуді бүкіл әлем бойынша 24 жыл бойы және соңғы 9 жылда Қазақстанда өткізіп келеді. Сауалнаманың негізгі мақсаты – жаһандық және ұлттық экономикадағы жағдай туралы басшылардың пікірін бағалау, бизнесті дамытудағы тәуекел факторлары мен мүмкіндіктер туралы білу.

Зерттеудің толық нұсқасымен PwС сайтында танысуға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1906487-mixail-lomtadze-usinsi-zyl-qatarynan-en-uzdik-kompaniya-bassysy-atandy/