Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде 1 қазаннан бастап жеңілдетілген ипотеканың бірі бойынша қарыз беру тоқтатылады

Жарияланған күні:

Үй
Көрнекі фото: pixabay.com

Елімізде жақын арада "Орда" ипотекалық бағдарламасы бойынша қарыз беру тоқтатылады. Бұл туралы "Қазақстан Тұрғын Үй Компаниясы" өз ресми сайтында жария етті.

Құзырлы мекеме ақпаратына сәйкес, 2021 жылдың 1 қазанынан бастап 2021 жылдың соңына дейін "Орда" жеке ипотекалық несиелендіру бағдарламасының аясында жобаларды қаржыландыру тоқтатылады.

Ал "2021 жылдың 1 қазанына дейін қарауға келіп түскен өтінімдер компанияның ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен қаралатын болады.

"Орда" бағдарламасын жыл сайын жоспарлы қаржыландыру 13,8 млрд теңгені құрайды және "Қазақстан Тұрғын Үй Компаниясы" АҚ-ның өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады. 2021 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша жоспарлы көрсеткіштер 4,1 млрд теңгеден асты. Осыған байланысты Компания жеке тұлғалардан өтінімдерді қабылдауды тоқтатады", - делінген ресми хабарламада.

Айта кетсек, "Орда" ипотекалық несиелендіру бағдарламасы 2018 жылдың қазан айында іске қосылды. Аталмыш бағдарлама тұрғын үй құнының 30%-ы көлемінде бастапқы жарнамен немесе бастапқы жарнаны қосымша кепілмен ауыстыру мүмкіндігімен 20 жылға дейінгі мерзімге ипотекалық қарыз беруді көздейді.

Бұл бағдарлама аясында жылдық 12% (табысты толық растаған кезде) және 14% (табысты ішінара растаған кезде) мөлшерлемесімен бастапқы және қайталама нарықтарда тұрғын үйді сатып алу үшін ипотекалық қарыз беріледі.

Қарыз сомасы Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары үшін 1-ден 65 млн теңгеге дейін, Қазақстанның басқа өңірлері үшін 1-ден 45 млн теңгеге дейін жетеді. Өтінімдерді қабылдау және қарыздарға одан әрі қызмет көрсету серіктес банктер - "Еуразиялық банк" АҚ, First Heartland Jýsan Bank АҚ, "Банк ЦентрКредит" АҚ арқылы жүзеге асырылады.

"2018 жылдың қазан айынан бастап 2021 жылдың 1 қыркүйегіне дейін "Орда" бағдарламасы бойынша 70 млрд теңгеден астам сомаға 5 271 өтінім алынды. Оның ішінде 49,4 млрд теңге сомасына 3 838 өтінім мақұлданды", - дейді компанияда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1933831-elimizde-1-qazannan-bastap-zenildetilgen-ipotekanyn-biri-toqtatylady/