Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда әуе билеттерінің бағасы қымбаттады

Опубликовано:

Әуежайдағы жолаушылар
Көрнекі фото: pixabay.com

Пандемия мен дағдарыс адамдардың ел іші мен шетелге саяхаттау мүмкіндігін шектеді. Дегенмен, 2021 жылы әуе тасымалы бойынша көрсеткіштер өткен жылдармен салыстырғанда әлдеқайда жоғары деп жазады Нұрфин.

Карантиндік шектеулер сақталғанына қарамастан, 2021 жылы әуе тасымалы көлемі ұлғайған. Биыл қазан айына дейін 6,1 млн адам әуе компанияларының қызметін пайдаланған. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 90,3 пайызға жоғары. Дегенмен, әуе тасымалын қолданушылармен бірге бұл қызметтің бағасы да артқан деп хабарлайды EnergyProm.kz.

2021 жылдың қыркүйегінің соңында қазақстандық әуе компаниялардың қызметі тамыз айымен салыстырғанда 9,5 пайызға төмендеді. Алайда, жылдық есеп бойынша (өткен жылдың қыркүйегіне дейін) бағаның өсуі 8,7 пайызға жетті

Әуе билеттері 2020 жылдың қыркүйегімен салыстырғанда Маңғыстау, Түркістан, Павлодар облыстарында қымбаттаған.

Сондай-ақ Шымкент қаласы, Ақтөбе, Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарында билет бағасы арзандаған.

Тек Солтүстік Қазақстанда ғана билет құны бір жыл бұрынғы баға деңгейінде тұр.

Айта кету керек, дәл осы жолаушылар тасымалы әуе компанияларының жалпы кірісінің 94,7 пайызын немесе 217,7 млрд теңгені құрайды.

Ал қаңтар-тамыз айларындағы жалпы кіріс 229,9 млрд теңгеге жетті. 2020 жылдың дәл осы кезеңінде бұл көрсеткіш 119,4 млрд теңге, 2019 жылы 258,2 млрд теңге болған.

Жүк тасымалдарының көмегімен әуе компаниялары 12,2 млрд теңге пайда тапқан. Өз кезегінде, әуе жүктерін тасымалдау құны Қазақстанда орташа алғанда жылына 28,2 пайызға өсті. Бұл ретте халықаралық тасымалдаулар бірден 39 пайызға, ал ел ішінде қызмет көрсету 3,8 пайызға қымбаттады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1936085-qazaqstanda-aue-biletterinin-bagasy-qymbattady/

pixel