Ақшаны қандай валютамен сақтаған дұрыс: Отандық экономист жауап берді
Жарияланған күні:
Қаражатты қандай валютамен сақтаған дұрыс? Бұл сауалға экономист Мақсат Халық Азаттық рухына берген сұхбатында жауап берді.
Оның сөзінше, қаржыгер заңы бойынша, бүкіл қаражатыңызды бір ұяшықта және бір валютада сақтамаған абзал.
"Қаржыны бірнеше ұяшыққа бөліп сақтаңыз. Қазіргі тенденция адамдардың жаппай доллар алып жатқанын көрсетіп отыр. Бәрін долларға салып қойған дұрыс емес, өйткені теңге бәрібір өмір сүру үшін қажет. Алдағы екі-үш айда пайдаланатын қаражатыңыз теңгемен тұра берсін. Ұзақ мерзімге сақтайтын қаржыны доллар күйінде сақтаңыз. Мүмкіндік болса, кем дегенде үш валюта ұстаңыз. Ол еуро, теңге немесе доллар болсын. Қаржыңызды бірнеше валюта мен ұяшықта бөліп ұстасаңыз, доллардың өсіп немесе түсіп жатқаны психологиялық кері әсерін тигізбейді", - деді Мақсат Халық.
Сонымен қатар, экономист халықтың теңгеге деген сенімі жоқ екенін, тұрғындарда девальвациялық күтім өте жоғары екенін атап өтті.
Себебі, соңғы үш айда теңгені емес, долларды сатып алып жатқандар көп екен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1942451-aqsany-qandai-valyutamen-saqtagan-durys-otandyq-ekonomist-zauap-berdi/