Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зейнетақы, жәрдемақы, АӘК: Қазақстанда әлеуметтік көмекке қанша теңге бөлінеді

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Сенаттың жалпы отырысында қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев "2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасын таныстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның айтуынша, 2022 жылға арналған республикалық бюджет түсімдері 13 трлн теңге сомасында анықталған. Бұл ретте мұнайға қатысты емес түсімдердің үлесі биыл 56,4 пайыздан 2024 жылға қарай 71,4 пайызға дейін өсумен көзделген.

"Бюджет тапшылығы 2022 жылы жалпы ішкі өнімнің 3,3 пайызынан 2024 жылы кезең-кезеңмен 2,5 пайызға дейін төмендеуімен айқындалған", - деді министр.

Ерұлан Жамаубаев бюджет шығыстары келесі жылы 15,9 трлн теңгені құрайтынын жеткізді.

Министрдің сөзінше, халықтың әл-ауқатын арттыру – басты басымдықтың бірі.

"Оны бюджеттің әлеуметтік шығыстарының өсу динамикасы көрсетіп отыр. Мәселен, осы бағыт бойынша үшжылдық кезеңдегі шығыстар 26,8 трлн теңгені, оның ішінде 2022 жылы - 8,1 трлн теңгені немесе шығыстардың жалпы көлемінің 50,8%-ын құрайды", - деді ол.

Министр әлеуметтік көмекке және қамсыздандыруға 13,4 трлн теңге, оның ішінде келесі жылға 4,3 трлн теңге жоспарланғанын сөз етті. Оның 94%-ы зейнетақы, жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек, жекелеген санаттағы азаматтарға біржолғы қаржылай өтемақы төлеуге арналған.

Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, денсаулық сақтауға арналған шығыстар 2022-2024 жылдары 5,7 трлн теңгені, оның ішінде келесі жылы 1,8 трлн теңгені құрайды. Осы қаражат шеңберінде медицина қызметкерлерінің жалақысын ұлғайтуға шығыстар көзделген.

"Білім және ғылымды дамытуға бюджет жобасында 7 трлн теңге, оның ішінде 2022 жылға 1,8 трлн теңге көзделген", - деді қржы министрі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1942771-zeinetaqy-zardemaqy-aak-qazaqstanda-aleumettik-komekke-qansa-tenge-bolinedi/

pixel