Мерекеге ақшаны қайдан алуға болады?
Жарияланған күні:
Желтоқсан – жылдың ең сиқырлы және сонымен бірге ең бір әбігері көп айы. Көптеген мерекелер, достармен және туыстармен кездесулер, отырыстар, сапарлар, сыйлықтар. Бірақ мұның бәріне ақша керек. Оны қайдан аламыз? Біз бірнеше кеңестер жинадық.
Микроқарыз
Микроқарыз – жалақыға дейін шағын соманы «иелену» нұсқасы, бірақ қатты артық төлеуге тура келеді, өйткені мұндай кредиттер өте жоғары пайыздық мөлшерлемемен беріледі. Банктен кредит алу әлдеқайда тиімді.
Ломбард
Жалақыға дейін «өмір сүрудің» тағы бір тәсілі. Бірақ бұл жерде де айтарлықтай артық төлемсіз болмайды, заттарды ломбардта сақтау үшін төлеуге тура келеді. Сонымен қатар, егер сіз белгіленген мерзімде кепіліңізді ала алмасаңыз, онда сіздің затыңыз біреуге сатылуы мүмкін.
Қажет емес заттарды сату
Қазір интернетте адамдар пайдаланылған заттарды сататын танымал сайттар бар. Бұл кез-келген нәрсе болуы мүмкін: киімнен бастап балалар арбасына дейін. Егер сізде енді пайдаланбайтын мүлік болса, одан оңай құтылыңыз! Тек сақ болыңыз, алаяқтардың айла-амалдарына түспеңіз.
Қосымша жұмыс істеу
Ақша табудың ең классикалық тәсілі – ол үшін тер төгу! Қазір қосымша табыс табу үшін көптеген мүмкіндіктер бар. Егер сізде көлік болса сіз кешкісін «такси жүргізушісі» бола аласыз немесе интернетте ақылы пікір орналастырсаңыз болады. Егер сіз шығармашылыққа бейім болсаңыз, онда сіз өз қолыңызбен түрлі өнімдер жасап, оларды сата аласыз. Бұл кез-келген нәрсе болуы мүмкін: тоқылған заттар, балалар ойыншықтары, интерьер заттары, кәдесыйлар, зергерлік бұйымдар және т.б.
Банктегі кредит
Бұл үлкен соманы қажет ететіндер үшін ең оңтайлы әдіс. Әрине, достарыңыздан қарыз сұрап көруге болады, бірақ, әдетте, мереке күндері оларда да артық қаражат болмайды.
Егер сіздің кредит тарихыңыз жақсы болса, Сіз банктен 200 мыңнан 6 млн теңгеге дейін қарыз ала аласыз. Мысалы, қазір ВТБ (Қазақстан) банкінде жылдық 15%-дан басталатын (СЖТМ 16,1%-дан бастап) мөлшерлеме бойынша 7 жылға дейінгі мерзімге 6 000 000 теңгеге дейінгі сомаға кредитті ресімдеуге және шарттың белгілі бір талаптарын сақтаған жағдайда банкке төленген сыйақы сомасының 9% мөлшерінде кешбэк алуға болады! Кредитке өтінімді банктің сайтында рәсімдеуге болады.
03.02.2020 ж. №1.2.14/39 ҚР ҚНРДА лицензиясы.
*PR құқығында.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1944995-merekege-aqsany-qaidan-aluga-bolady/