Банк ВТБ тұрғындардың кешіктірген төлемдері үшін айыппұл және өсімпұл салмайды
Жарияланған күні:
Банк ВТБ (Қазақстан) қаза тапқан әскерилер мен полицейлердің туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады және де зардап шеккендердің кредитін есептен шығаратынын хабарлайды.
Сондай-ақ, банк 2022 жылғы 5-19 қаңтар ТЖ кезеңінде заңды және жеке тұлғалардың кешіктірген төлемдері үшін айыппұл және өсімпұл салмайды.
Клиенттердің қаражаттары толық сақтаулы тұр. ВТБ (Қазақстан) банкі Республика бойынша жағдай тұрақталып, Интернет желісі толық қосылғанына қарай республиканың барлық аймақтарында штаттық режимде жұмысын жалғастырады" ВТБ (Қазақстан) банкінің баспасөз қызметі
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1950396-bank-vtb-turgyndardyn-kesiktirgen-tolemderi-usin-aiyppul-zane-osimpul-salmaidy/