"Он күн ішінде 42 млрд теңге түсті": "Қазақстан халқына" қорына кімдер қаражат құйды
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен құрылған "Қазақстан халқына" қоғамдық қорына 130 заңды тұлға мен ірі бизнесмендерден 42 млрд теңгеден астам қаржы түскен. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Қордың мәліметінше, 16-25 қаңтар аралығында қоғамдық қорға 65 703 қазақстандықтан 39,1 млн теңге түскен.
Одан бөлек, 130 заңды тұлға мен ірі бизнесмендерден жалпы сомасы 42.1 млрд теңге түскен.
20-25 қаңтар аралығында "Қазақстан халқына" қоры арқылы қайырымдылыққа елеулі үлес қосқандар:
- "KAZ MINERALS AKTOGAY (ҚАЗ МИНЕРАЛЗ АҚТОҒАЙ)" ЖШС - 6.2 млрд теңге;
- "KAZ MINERALS BOZSHAKOL (ҚАЗ МИНЕРАЛЗ БОЗШАКӨЛ)" ЖШС - 6.2 млрд теңге;
- "KAZAKHMYS SMELTING (КАЗАХМЫС СМЭЛТИНГ)" ЖШС - 5 млрд теңге;
- "Востокцветмет" ЖШС – 3.1 млрд теңге;
- "СӘБИ" Жеке қайырымдылық қоры" - 1 млрд теңге;
- "Астана-Моторс" мотор компаниясы" ЖШС - 550 млн теңге;
- "BI-DEVELOPMENT" ЖШС – 300 млн теңге;
- "Сарыарқаавтопром" ЖШС– 250 млн теңге;
- Избастин Мухамед Темиртаевич – 100 млн теңге;
- "NAK Development" ЖШС - 100 млн теңге;
- Махат Рашит Мұқарамұлы – 50 млн теңге.
Қор басшылығының сөзінше, түскен қаражат туралы есеп беріледі. Қаржы Қазақстан халқының игілігіне жұмсалады. Яғни денсаулық, білім, мәдениет, спорт және әлеуметтік сала проблемаларын шешуге бағытталады.
"Қор орфандық және басқа да аурулары бар балаларға, халықтың әлеуметтік осал топтарына, қаза тапқан әскери қызметкерлердің, құқық қорғау және арнайы орган қызметкерлерінің отбасыларына, сондай-ақ басқа да қайырымдылық мақсаттарға қолдау көрсетеді", - делінген хабарламада.
Сонымен бірге, "Қазақстан халқына" қоры қолдау көрсеткен барлық қазақстандықтарға, ірі кәсіпорындарға, еңбек ұжымдарына алғыс айтатын жеткізді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1953147-42-mlrd-tenge-zinalgan-qazaqstan-xalqyna-qoryna-kimder-qarazat-quidy/