Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар жыл соңында Отбасы банкінен қомақты бонус ала алады

Жарияланған күні:

ключи о  дома
Фото: pixabay

Баспаналы болсам деген үкілі үмітін арқалап, Отбасы банкіндегі депозитіне тірнектеп қаражат жинап жүрген қазақстандықтар жыл соңында қомақты бонусқа ие бола алады. 20% көлеміндегі сыйлықақы* мемлекеттік бюджет есебінен азаматтарымыздың үй аламын деген ынтасын арттыру мақсатымен, қолдау ретінде тегін аударылады.

Мемлекеттік қолдау кімдерге тиесілі?

Сыйлықақыны тек Отбасы банкінің депозит жинап жүрген салымшылары ғана ала алады. Яғни бонусқа қол жеткізу үшін аталмыш банкте міндетті түрде салымыңыз болуы керек. Сонда мемлекеттік сыйлықақы биылғы жылы жинаған қаражатыңыздың үстіне қосылады.

Лайфхак. Ақшаны 12 айға бөліп салсаңыз да, депозитіңізді тап қазір ашып толықтырсаңыз да маңызды емес. Бастысы, 30 желтоқсан күні кешкі сағат 18:00-ге дейін (Астана уақыты) ашып, қаражат аударып үлгеру.

Ескерту. Алайда депозит ашып, үстінен тегін сыйлықақы алып, оны келесі жылы шешіп аламын деп айласын асырғысы келетін азаматтарға шектеу бар. Баспана аламын деп жинап жүрген шотын 3 жыл толмай жатып жауып, ішіндегі қаражатын басқа қажеттілікке шешіп алған салымшылардың мемлекеттік сыйлықақысы толықтай бюджетке қайта қайтарылады.

Қанша ақша түсетінін қайтіп есептейміз?

Биылғы жылдың қаңтарынан бастап желтоқсанына дейін депозитке аударған ақшаларыңызды қосып, жалпы көлемін есептеп шығарасыз. Оны Отбасы банкінің сайтындағы жеке кабинетте https://online.hcsbk.kz немесе «Otbasy bank» мобильді қосымшасында да есептеп алуға болады. Осы қаражаттың 20% депозитіңізге түсетін мемлекеттік сыйлықақы* болып табылады.

Алайда мемлекеттік сыйлықақының шекті мөлшері бар. Ол – 122 520 теңге. Егер салымшы бір жыл ішінде жинағына 200 айлық есептік көрсеткішке тең сомаға (1 АЕК биылғы жылы 3 063 теңге) немесе 612 600 теңгеге толықтырса, онда 2022 жылдың қорытындысы бойынша ол мемлекеттік сыйлықақының ең жоғарғы көлемі – 122 520 теңге алады.

Ескерту. Егер жыл бойы депозитіңізге жинаған ақшаңыз 200 айлық есептік көрсеткіштен, яғни 612 600 теңгеден көп болса, онда артылған ақшаға мемлекеттік сыйлықақы одан арғы жылы түсетін болады.

Лайфхак. Егер Отбасы банкіне жинап жүрген қаражатыңыздың жалпы көлемі жылына 612 600 теңгеден көп болса, оны бір емес, бірнеше депозитке бөліп салған абзал. Бұл мүмкіндік «Отбасылық пакет» деп аталады. Яғни, салымшы әйелінің немесе күйеуінің, балаларының, туған аға-әпкесінің, ата-анасының атына бірнеше депозит ашып, жыл соңында мемлекеттік сыйлықақының максималды сомасын ашылған салымдардың әрқайсысына ала алады. Сөйтіп, кейін ипотекалық заем аларда, оларды ортақ депозитке біріктіруге болады.

Жалпы Отбасы банкінде 20%-дық мемлекеттік сыйлықақыдан* бөлек, жыл сайын салымшыларға 2%-дық банк сыйақысы да түсіп тұрады. Барлығын қоса есептегенде, қаржы институтының клиенттері өз депозиттері бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 14%-ға дейін баратын жоғары табыстылыққа ие.

*200 АЕК-тен аспайтын сомаға

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2001341-qazaqstandyqtar-zyl-sonynda-otbasy-bankinen-qomaqty-bonus-ala-alady/