Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кейбір супермаркеттерде пияз неліктен 400 теңгеден сатылып жатыр: Ауыл шаруашылығы министрі жауап берді

Жарияланған күні:

пияз
Пияз. Көрнекі фото: pixabay.com

Үкіметте өткен брифингте Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев елдегі ірі супермаркеттерде неліктен пияздың 1 келісі 400 теңгеден сатылып жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Бұл қысқа мерзімді өсім мен дүрбелеңнің туындауына байланысты болып отыр. Соңғы айдағы пияз нарығындағы жағдай бәрімізге белгілі.

Былтыр біз 1,5 млн тонна пияз жинадық. Оның 1,1 млн-ы Жамбыл облысында жиналды. Бірақ көрші елдерде қолайсыз жағдай болғандықтан, мысалы, Өзбекстанда қатты аяз болғандықтан пиязға сұраныс күрт өсіп, экспорттала бастады.

Бір апта бұрын, пиязды экспорттауға тыйым салдық, енді пияз бағасына қатысты жағдай тұрақталады", - дейді Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев.

Министр пияздың көтерме бағасы қазір 150-200 теңге екенін атап өтті.

Оның сөзінше, "бағаның шарықтауына" логистикалық мәселелер себеп болған, министрдің айтуынша, бұл мәселе жақын арада шешімін табады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2008413-supermarketterde-piyaz-nege-400-tengeden-satylyp-zatyr-auyl-saruasylygy-ministri-zauap-berdi/