Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысы қанша пайызға өсті

Жарияланған күні:

Мұғалім
Мұғалім. Көрнекі фото: pixabay.com

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте халықтың табысын арттыру бағдарламасын өзектендіру бойынша ұсыныстар мен нәтижелері қаралды. Бұл туралы primeminister.kz хабалады.

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың сөзінше, бағдарламаны іске асыру нәтижесінде бюджет саласының 1,1 миллионнан астам қызметкерінің жалақысы өскен. Атап айтқанда:

  • 74 мың дәрігердің жалақысы орта есеппен 30 пайызға;
  • 600 мың педагог пен мұғалімнің жалақысы 25 пайызға;
  • 173 мың орта медициналық персоналдың жалақысы 20 пайызға;
  • бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің ішінде басқа да санаттарының жалақысы 20 пайызға өскен.

Қуантыровтың сөзінше, жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және қызметкерлер арасындағы еңбекақы алшақтығын азайту бойынша қосымша шаралар қабылданған.

Сонымен қатар бағдарламаны 2029 жылға дейін өзектендіру шаралары пысықталды. Осы ретте оны республикалық және өңірлік деңгейлерге бөлу жоспарланып отыр, бұл жергілікті атқарушы органдарды кеңінен тартуға мүмкіндік береді.

Үкіметтің ақпаратынша, алдағы кезеңдегі негізгі бағыттардың бірі:

  • өңірлік жұмыспен қамту картасы шеңберінде экономиканың нақты секторында жұмыс орындарын құру;
  • "Ауыл Аманаты" жобасы аясында ауыл халқының табысын арттыру;
  • сондай-ақ шағын және орта бизнеске мемлекеттік қолдау көрсету болып табылады.

Сонымен қатар бюджеттен жалақыны көтеру және азаматтарға жаңа цифрлық қызметтер арқылы белсенді әлеуметтік қолдаудың шараларымен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыру жоспарлануда.

Премьер-министр екі күн ішінде халықтың табысын арттырудың өңірлік жоспарларын бекітуді қамтамасыз етіп, бағдарламаны үкіметке Ккешенді жоспар түрінде жеделдетіп келісу және енгізу қажеттігін атап өтті.

Жиында сондай-ақ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілқайыр Тамабек және Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов баяндама жасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2011063-qazaqstanda-mugalimder-men-darigerlerdin-zalaqysy-qansa-paiyzga-osti/