Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жемқор шенеуніктерден тәркіленген қанша қаражат арнайы шотқа жиналды: Қаржы министрі жауап берді

Опубликовано:

Қалта және ақша
Қалтаға салынған ақша. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Сенат кулуарында қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жемқор шенеуніктерден тәркіленген қанша қаражат арнайы шотқа жиналды деген сауалға жауап берді. Ведомство басшысының айтуынша, жиналған қаржының жалпы сомасы 120 млрд теңгеге жеткен, деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Сенат отырысында Ерұлан Жамаубаев қазынадағы арнайы шотта қанша қаражат бар екенін, оның қайда жұмсалатынын айтты.

"Бүгінгі таңда бұл шотта 120 млрд теңге бар", - деді министр.

Жамаубаев қазіргі уақытта Оқу-ағарту министрлігінен өтініштер түскенін күтіп отырғанын жеткізді.

"Бірінші кезекте мектептерге жөндеу жұмыстарын жүргіземіз. Бұл бірінші кезекте жөндеуді, кеңейту үшін белгілі бір жапсарлас жайлардың құрылысын қажет етіп отырған үш ауысымды мектептер.

Қазір өтініш қабылдау процесі жүріп жатыр. Біз оларды қарастырып болған соң республикалық бюджет комиссиясының қарауына жібереміз, сосын бұл қаражатты аймақтарға бөлеміз", - деді Жамаубаев.

Еске салайық, Қазақстан президенті қыркүйектегі жолдауында жемқорлардан тәркіленген қаржыны жаңа мектептер салуға жұмсау керектігін мәлімдеген болатын.

Өткен жылдың күзінде қаржы министрлігі жанынан арнайы шот ашылып, оған жемқорлардан тәркіленген ақша түсетіні белгілі болды. 2022 жылғы қараша арнайы есепшотқа шамамен 50 млрд теңге түскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2011458-arnaiy-sotqa-zemqor-seneunikterden-tarkilengen-qansa-qarazat-zinaldy-qarzy-ministri-zauap-berdi/

pixel