Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда ақша айырбастау пункттерінде доллар бағамы күрт төмендеді

Опубликовано:

АҚШ доллары
100 АҚШ доллары. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бүгін, 2 наурызда еліміздегі ақша айырбастау пункттерінде АҚШ долларының теңгеге шаққандағы бағамы күрт төмендеді. Кей жерлерде доллар 430 теңгеден сатылуда, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Kurs.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық банктің мәліметінше, қазіргі уақытта Қазақстанда доллардың ресми бағамы 442,11 теңгені құрап отыр.

Ал KASE қор биржасында 1 доллар 441,67 теңгеге бағалануда.

Бүгінде ақша айырбастау орындарында доллар келесі бағамен саудалануда:

  • Астанада: сатып алу – 429-439 теңге, сату – 438-440 теңге;
  • Алматыда: сатып алу – 433-435 теңге, сату – 439-449 теңге;
  • Шымкентте: сатып алу – 430-436 теңге, сату – 436-439 теңге.

Сонымен қатар NUR.KZ-тегі айырбастау бағамы мәліметтеріне сүйенсек, Қазақстанда екінші деңгейлі банктерде доллар келесі бағамен саудалануда:

  • Астанада: сатып алу – 429,5-432 теңге, сату – 435,5-439 теңге;
  • Алматыда: сатып алу – 429,5-435,5 теңге, сату – 435,5-440,5 теңге;
  • Шымкентте: сатып алу – 429,5-432 теңге, сату – 435,5-439 теңге.

Айта кетсек, 1 наурызда Қазақстанда АҚШ валютасы 3,5 теңгеге арзандаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2011493-qazaqstanda-dollar-bagamy-kurt-tomendedi/

pixel