Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда тағы екі банк пайда болуы мүмкін

Жарияланған күні:

Банк қызметкерлері
Банк қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Мәжіліс кулуарында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мадина Әбілқасымова екі микроқаржы ұйымының екінші деңгейлі банкке айналуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

БАҚ өкілдері таяуда Әбілқасымованың Қазақстанда жаңа банктердің пайда болуы мүмкіндігі туралы айтқанын еске салып, осыған байланысты мәліметтердің анық-қанығын сұрады.

"Микроқаржы ұйымдарын екінші деңгейлі банктерге ауыстыру күтілуде. Бізде екінші деңгейлі банкке ауысуға ниет білдірген екі ірі микроқаржы ұйымы бар. Олар - KMF және Solva.kz. Олардың қомақты сомадағы портфелі бар. Капиталдың жеткілікті деңгейі олардың банкке айналуына мүмкіндік береді", - дейді тілшілер сұрағына жауап берген Мадина Әбілқасымова.

Айта кетейік, жуырда сарапшылар қазақстандық интернет-банкингті пайдаланушылар саны халық санынан асып түскенін есептеген болатын.

Елімізде интернет-банкинг қызметін пайдаланушылар саны үнемі өсіп келеді. 2022 жылдың соңында қызметті пайдаланушылардың көрсеткіші 22,9 миллионға жеткен еді. Ал былтырғы жылдың соңында Қазақстан халқының саны 19,7 миллион адам болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2018373-qazaqstanda-tagy-eki-bank-paida-boluy-mumkin/