Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстаулық ұстаздар 17 жылдық еңбегінің төлемі зейнетақы қорына толық түспегенін айтып, мұңын шақты

Жарияланған күні:

Ақша, телефон, көзілдірік, қалам, үлкейткіш
Зейнетақы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Маңғыстау облысында мұғалімдер 17 жылдық еңбегінің төлемі зейнетақы қорына толық түспеген соң, жергілікті билік өкілдеріне шағымданған, деп хабарлайды Астана арнасы.

Телеарна дерегінше, Маңғыстау облысы Сенек ауылының ұстаздары жалақыдан ұсталған қаржы қайда кетіп жатқанын білмей отыр. Мұғалімдердің айтуынша, зейнетақы қорын тексерсе, зейнетақы жарнасы тұрақты түспеген. Олар жергілікті билікке уәждерін жеткізгенмен, шағымдары жауапсыз қалған, дейді телеарна.

"1998-1999 жылдар үшін мүлдем төлем жоқ. 2000 жылы маған 12 айдың 1 айын ғана құйған. Әрбір жылдың өзінде 2 айы жоқ, 3 айы жоқ. Тіпті кей жылдар толық құйылмаған. Зейнетке шығып жатқан адамдар бар. Зейнетақы қорына төлем дұрыс құйылмағаннан кейін еңбек өтілі де кемиді. Ертең зейнетақымыз да кемитін болады", - дейді Маңғыстау облысының тұрғыны Нұржаубай Есов.

Мұғалімдер мәселесін айтып AMANAT партиясына да жүгінген, олар педагогтарға көмек көрсететінін жеткізген.

"Партияның қабылдау бөлмесі өз тарапынан азаматтардан өтініш қабылдап, өтініш негізінде құзырлы мемлекеттік органдарға ресми хатпен жүгінеміз", - дейді AMANAT партиясы республикалық қабылдау бөлмесінің консультанты Алпамыс Әбенов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2018419-mangystaulyq-ustazdar-17-zyldyq-enbeginin-tolemi-zeinetaqy-qoryna-tolyq-tuspegenin-aityp-munyn-saqty/