Ұлттық банк Қазақстанда ипотекаға сұраныс неліктен төмендегенін айтты
Жарияланған күні:
Қазақстандықтар ипотекаға өтінішті аз бере бастады. Бұл лимиттердің қарқынды дамуымен және несие беру шарттарының қатаңдауымен байланысты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазақстанның ұлттық банкі ресми сайтына сілтеме жасап.
Ұлттық банктің хабарлауынша, өткен тоқсанмен салыстырғанда, I тоқсанда жекелеген қарыздарға сұраныс тұтынушылық кепілсіз қарыздар мен автокредиттеу сегментінде ұлғайды.
Сондай-ақ кепілмен қамтамасыз етілген тұтынушылық және ипотекалық қарыздарға сұраныс біршама төмендеген.
Неліктен ипотекаға сұраныс төмендеді
Алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда, кредиттік өтінімдер саны 13 пайызға - 224 мың өтінімнен 194 мың өтінімге дейін төмендеген.
Банктердің пайымдауынша, I тоқсанда ипотекалық қарыздарға деген сұраныстың азаюы "7-20-25" мемлекеттік бағдарламасы аясында бөлінген қаражат бойынша лимиттердің тез игерілуімен байланысты.
Оған қоса ипотекалық кредиттеу сегментінде кепіл талаптарының жұмсартылғаны және сыйақы мөлшерлемесінің артқаны байқалады.
Өз кезегінде, ұлттық банк есепті тоқсанда кепілмен қамтамасыз етілген тұтынушылық қарыздарға деген сұраныс жекелеген ірі банктегі сұраныстың азаюына да байланысты төмендегенін айтты.
Сондай-ақ 2023 жылдың бірінші тоқсанында 48 мың ипотекалық несие мақұлданды. Ал ипотекалық несиелеу сегментінде түскен өтінімдер бойынша несиенің орташа сомасы 17 млн теңгені құраған.
Кепілмен қамтамасыз етілген басқа тұтынушылық несиелерге сұраныс та есепті кезеңде 37 пайызға, яғни 11 мыңға дейін төмендеген. Көбінесе бұл жеке ірі банкке түскен өтініштердің азаюына байланысты.
Бұл кредиттеу шарттары кепілсіз қарыздар бойынша да, кепілді қарыздар бойынша да қатайып, клиенттердің төлем қабілетіне қойылатын талаптардың арта түскеніне байланысты. Осылайша қарыздар бойынша мақұлдау үлесі 57,8 пайыздан 46,7 пайызға дейін төмендеген.
Неліктен кепілсіз несиеге сұраныс артты
Банктердің басым бөлігі тұтынушылық кепілсіз несиелеуге сұраныстың артқанын айтты. Ол 15,9 миллион өтінімге орташа 8 пайызды құрады.
Ұлттық банктің ақпаратынша, көбіне тұтынушылық кепілсіз кредитке деген сұраныс онлайн-қарыз беру процестерін жеңілдетуіне, сондай-ақ адал клиенттер арасында ұтыс ойындарын өткізілгенінің арқасынды өскен.
Кепілсіз несиелендіру шарттарына келетін болсақ, клиенттердің несиелік қабілетіне қойылатын талаптарды қатайтуды қоспағанда, айтарлықтай өзгерістер болған жоқ.
Айта кетейік, осы сегментте қабылданған өтінімдерден бас тарту үлесі ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында өткен тоқсандық кезеңмен салыстырғанда 64,7 пайыздан 68,3 пайызға дейін жоғарылаған.
Автокредитке сұраныс қаншаға өсті
Нарықта автомобильдердің қолжетімділігі мен ұсынысының өсуіне байланысты автокредиттеу сегментіндегі сұраныс артқан. ҚҰБ пайыдауынша, бұл орташа күту уақытының қысқаруымен және нарықтағы тапшылықтың азаюымен байланысты.
Сонымен қатар азаматтар жеңілдетілген автонесие бағдарламасына деген қызығушылығы да сұраныстың артуына әсер еткен. Автокредиттеу туралы өтінімдер саны 532 мың өтінімге дейін 7 пайызға ұлғайған.
Алайда несие шарттарының жеңілдегеніне қарамастан, автокредиттеу талаптарында жекелеген банкте кредиттік лимит қысқарып, клиенттердің кредит төлеу қабілеттілігіне қойылатын талаптар артқан.
Банктер бөлшек кредиттеуге қатысты жалпы шарттарға айтарлықтай өзгеріс енгізуді жоспарлап отырған жоқ, бірақ осы аптада жарияланатын бастапқы мөлшерлеме туралы шешімге байланысты пайыздық мөлшерлемелер қайта қаралуы мүмкін.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2021716-ulttyq-bank-qazaqstanda-ipotekaga-suranys-nelikten-tomendegenin-aitty/