Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұл - біздің болашағымыз": Қаржы министрі БЖЗҚ-дан қаражат алуға қатысты ойын айтты

Жарияланған күні:

Читать на русском
Ақша, телефон, көзілдірік, қалам, үлкейткіш
Зейнетақы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бүгін министрлер кабинетінің кулуарында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев БЖЗҚ-дан жиналған қаражатты алуға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

БАҚ өкілдері 1 шілдеден бастап зейнеткерлер еңбек өтіліне байланысты жинақталған зейнетақы қаражатын тұрғын үй жағдайларын жақсартуға немесе емделуге пайдалана ала алатынын еске салды. Осы орайда журналистер бұл жағдайда БЖЗҚ (Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры) қанша қаражат жоғалтуы ықтимал екендігін және осыған байланысты арнайы есеп бар-жоғын сұрады.

"Тек қана жоғалту мәселесі емес. Бұл - сол жалпы жинақтаушы зейнетақы жүйесінен қаражат алу тақырыбының жалғасы. Егер тарихқа оралсақ, БЖЗҚ не үшін құрылды? Халық көберік өз ақшасын жинап, бірте-бірте ынтымақты жүйе жойылып, көпшілігі болашақта зейнетақысын БЖЗҚ-дан алу үшін жасалды.

Енді біз лимитті қайта қарадық. Халықтың басым бөлігінде аз қаражат қалған. Есептеулерге сүйенсек, бұл қаражат жеткілікті-мыс. Алайда біз ол қордан қаражатты аз алу керек екенін жақсы түсінеміз. Бірақ мұндай саяси шешім әскери қызметшілерге қатысты қабылданған", - дейді Ерұлан Жамаубаев.

Министр нақты есепті Еңбек министрлігінен сұрау керектігін айтты. Десе де, оның сөзінше, қордан алынған қаражаттың сомасы үлкен емес.

"Халық шығарып алған соншалықты үлкен қаражат емес. 3 триллион теңгеден асады. Бұл соншалықты үлкен сома емес, дегенмен БЖЗҚ-ның тұрақты болғанын қалаймын. Біріншіден, бұл - біздің болашағымыз. Барлық зейнеткердің болашағы десек болады, соның ішінде менің де қаражатым бар. Мен өз қаражатымнан бір тиын алған жоқпын, өйткені бұл - менің зейнетақым екенін жақсы түсінемін.

Екіншіден, болашақта қайда жұмыс істейтінімді білмеймін ғой. Ал мен бұл жинақты күнделікті қажеттіліктерге жұмсағым келмейді және болашақ үшін қалдырғым келеді. Барлық қазақстандық осылай жасайды деп үміттенемін", - дейді Ерұлан Жамаубаев.

Сонымен қатар ол екінші жағынан бұл болашақта инвестициялық жобалар үшін орасан зор ресурс екенін атап өтті.

"Мұны да түсіну керек. Бұл - біздің артықшылығымыз. Көптеген басқа елде мұндай артықшылық жоқ", - деп сөзін түйіндеді Қаржы министрі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2022621-bul-bizdin-bolasagymyz-qarzy-ministri-bzzq-dan-qarazat-aluga-qatysty-oiyn-aitty/