Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Инфляция: мамыр айында Қазақстанда не қымбаттады

Жарияланған күні:

Читать на русском
Ақша мен картоп
Ақша мен картоп. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қазақстанда инфляция деңгейі қайта төмендеді. Бірақ елімізде тауарлар мен қызметтердің қымбаттауы жалғасуда. Мамыр айында ненің бағасы көбірек өсті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

Инфляция деңгейі наурыз-мамыр айы аралығында төмендеуін жалғастыруда. Бұл аралықта бір жылдың ішінде алғаш рет тауарлар мен қызметтердің баға өсімінің қарқыны 21,3 пайыздан 18,1 пайызға дейін төмендеген.

Ал бүгінде жалпы жылдық статистика бойынша сәуірдегі көрсеткіш (16,8%) мамырдағы көрсеткіштен қарағанда (15,9%) сәл төмендей түсті. Дәлірек айтсақ, инфляция деңгейі барлық үш негізгі санат бойынша төмендеген: азық-түлік – 16,5 пайызға дейін, азық-түлік емес тауарлар – 17,2 пайызға дейін, ақылы қызметтер – 13,5 пайызға дейін.

Мамыр айында не қымбаттады

Ай сайынғы бағаның өсімі 0,6 пайызды құрады. Ең көп баға өсімі ақылы қызмет көрсету саласында байқалған – бірден 0,7 пайызға өскен.

Әсіресе бағаның өсуі жолаушыларды әуе арқылы тасымалдау қызметі (11,5 пайызға) мен теміржолда (2,5 пайызға) байқалды. Санаторий қызметтерінің бағасы 5,6 пайызға, демалыс және спорттық іс-шаралар саласындағы қызметтер – 2,9 пайызға, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметтері – 1,7 пайызға, денсаулық сақтау қызметтері 1,4 пайызға өскен.

Азық-түлік тауарлары арасында мамырда көкөністер мен жемістердің бағасы өскен, қырыққабат – 23,8 пайызға, пияз – 9,9 пайызға, жүзім – 9,6 пайызға, сәбіз – 8,6 пайызға, алма – 5,3 пайызға, картоп – 4 пайызға қымбаттаған.

Сондай-ақ бағаның өсуі күріш (2,5 пайызға), салқындатылған сусын (1,9 пайызға), сүт ( 1,8 пайызға), шай (1,6 пайызға) бойынша байқалды. Осы ретте қияр – 39,6 пайызға, қызанақ – 23,7 пайызға, тәтті бұрыш – 7,6%, қарақұмық жармасы – 4%, банан – 3,8% арзандаған.

Азық-түлік емес тауарларға келетін болсақ, көбіне жанар-жағармай бағасы өскен – мамырда баллондағы сұйытылған газ бағасы 1,7%-ға, бензин бағасы 1,2%-ға, дизель отынының бағасы 0,7%-ға артқаны байқалды.

Алдыңғы аймен салыстырғанда киім және аяқ киімнің бағасы – 1,3 пайызға, жеке қолдану тауарларының бағасы – 1,2 пайызға, ыдыс-аяқтың бағасы – 0,9 пайызға, жуу және тазалау құралдарының бағасы – 0,8 пайызға көтерілген.

Аймақтардағы инфляция деңгейі
Аймақтардағы инфляция деңгейі. Инфографика: Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы

Қазақстанның қай өңірінде ең көп баға өсімі байқалды

Жалпы алатын болсақ, 2023 жылғы мамырда жылдық мәнде инфляция деңгейі 15,9 пайызды құраған.

Ең жоғары айлық инфляция деңгейі Шымкент қаласында байқалды – 1 пайыз. Ең төменгі айлық инфляция Павлодар облысында тіркелді – небәрі 0,1%.

Сондай-ақ Ақмола, Маңғыстау және Жамбыл облысында бағаның өсуі 0,9 пайызды құраған. Астанада бұл көрсеткіш 0,3 пайызға ғана жеткен, ал Алматыда – 0,4 пайызды құрайды.

Өңірлер бойынша азық-түлік тауарларының ең жоғары бағасы Ұлытау облысында тіркелді – 1,4 пайыз, азық-түлікке жатпайтын тауарлар бойынша ең жоғары өсім Алматы қаласы және Солтүстік-Қазақстан облысында байқалған – екі өңірде де 1 пайызды құрайды, ақылы қызметтер бойынша баға өсімі Шымкент қаласында тіркелген – 2,7 пайызды құрады.

Жылдық инфляция үш ай қатарынан төмендеп келе жатқанына қарамастан, әлі де жоғары деңгейде. Бұл халықтың әл-ауқатына кері әсер ететіні сөзсіз.

Еске сала кетейік, жуырда Қазақстан ЕАЭО елдерінің ішінде жалақы көрсеткіші инфляция қарқынының соңынан ілесе алмай, сатып алу қабілетін жоғалтып жатқан жалғыз ел екені белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2022968-inflyaciya-mamyrda-qazaqstanda-ne-qymbattady/