Енді Қазақстанда әлеуметтік төлемді онлайн түрде алуға болады
Жарияланған күні:
Читать на русскомБұрын қазақстандықтар асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік жәрдемақы алу үшін халыққа қызмет көрсету орталығына өтініш жазуы керек болатын. Бірақ енді бұл қызмет онлайн түрде де қолжетімді. Әлеуметтік төлемді қалай алуға болатынын толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.
Қазақстанда асыраушысынан айырылған отбасылар мемлекеттен материалдық көмек алуға құқылы. Егер асыраушы ресми түрде жұмыс істеген болса, төлем алушылар мемлекеттік жәрдемақылардан бөлек мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) әлеуметтік төлемдер алуға өтініш бере алады.
Бұған дейін қазақстандықтар мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді алу үшін халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚКО) барып, тиісті өтініш беруге тиіс еді.
Бірақ "Электрондық үкімет" сайтының хабарлауынша, енді бұл қызмет автоматтандырылған, яғни асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік жәрдемақы сияқты төлемдерді үйден шықпай-ақ онлайн түрде рәсімдеуге болады.
"Көптеген азамат асыраушысынан айырылған жағдайда мемлекеттен мемлекеттік қолдау алуға болатынын білмейді. Бұрын бұл қызмет тек халыққа қызмет көрсету орталықтарында ғана берілсе, қазір eGov.kz порталы немесе eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы өтініш беруге болады", - деді "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин.
Әлеуметтік төлемдерді қалай алуға болады
Өтініш беруші eGov.kz порталы арқылы төлем жасау үшін "Азаматтар" бөлімінде "Әлеуметтік қамсыздандыру" бағанасын тауып, кейін "Отбасыларға көмек" бөліміне өтуі қажет. Ол жерден "Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдерді тағайындау" қызметін табу керек.
Ол үшін мобильді қосымша арқылы қызметтер каталогына өтіп, сол жерден "Жеңілдіктер, жәрдемақылар және зейнетақылар" бөлімін тауып, керекті қызметті таңдау керек.
Алайда аталған әлеуметтік төлемдерді халыққа қызмет көрсету орталығында да, цифрлық отбасы картасы арқылы да автоматты түрде тағайындауға болады.
Еске сала кетейік, қазақстандықтар асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік жәрдемақыдан бөлек, басқа да бірқатар жәрдемақы мен төлемдерге онлайн өтініш бере алады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2024073-endi-qazaqstanda-aleumettik-tolemdi-onlain-turde-aluga-bolady/