Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда жұмыссыз азаматтардың жұмысқа орналасуына қандай көмек қарастырылған

Жарияланған күні:

Читать на русском
Қол алысып тұрған адамдар
Қол алысып тұрған адамдар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қазақстанда 350 мыңнан астам адам жұмысқа орналасуға жәрдемдесу шараларымен қамтылды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде хабарланды.

Бүгінде елімізде 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы бар. Оның аясында жұмыссыз жүрген қазақстандықтарға жұмысқа орналасуға көмек көрсетіліп, жаңа мамандықтар мен кәсіпкерліктің негізі оқытылады.

Еңбек министрлігінің мәліметінше, биыл 1 маусымдағы жағдай бойынша 352,6 мыңға жуық адамға жұмыспен қамту бойынша түрлі көмек көрсетілген.

Нәтижесінде 233,1 мыңға жуық адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 100,1 мыңға жуық азамат тұрақты жұмысқа орналасқан.

Сондай-ақ жоба аясында алғаш рет жұмыс іздеп жүрген жас қазақстандықтарға, жасына байланысты жұмыс табу қиынға соғатын зейнеткерлік жастағы азаматтарға көмек көрсетілетін болады.

Субсидияланатын жұмыс орындарына 133 мың адам мынадай салаларға жұмысқа орналастырылған:

  • әлеуметтік сала бойынша жұмыс орындарына – 14,6 мың адам;
  • жастар тәжірибесіне – 8,6 мың адам;
  • қоғамдық жұмыстарға – 94,8 мың адам;
  • "Алғашқы жұмыс орны" бағдарламасы бойынша – 3,9 мың адам;
  • "Ұрпақтар келісімшарты" бағдарламасы бойынша – 140 адам;
  • "Күміс ғасыр" бағдарламасы бойынша – 11 мың адам.

Жоба аясында қазақстандықтарды жұмысқа орналастырудан бөлек оқыту да қарастырылған. Кәсіпкерлік негіздері туралы курсқа 88,3 мың адам қатысып, оның 66,7 мыңға жуығы курс соңында сертификатқа ие болды.

Сондай-ақ 25,2 мың жұмыссыз азамат еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша онлайн оқытумен қамтылған, оның 22,8 мыңы оқуды аяқтап шықты. Бұл ретте қызмет саласын таңдау мақсатында тағы 64,7 мыңға жуық адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтті.

Сонымен қатар биылғы жылы ұлттық жобада жаңа бизнес бастамаларды жүзеге асыруға 400 АЕК (2023 жылы 1 380 000 теңге) көлемінде 9 мың грант беру қарастырылған. Жыл басынан бері 2615 грант берілген болатын.

Еске сала кетейік, 2023 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанда жұмыссыздар саны 453,5 мың адамды құраған және бұл өткен жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда 0,1 пайызға артық.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2024467-qazaqstanda-zumyssyz-azamattardyn-zumysqa-ornalasuyna-qandai-komek-qarastyrylgan/