Қазақстанда темекі бағасы өседі
Жарияланған күні:
Читать на русскомҚазақстанда темекі өнімдерінің ең төменгі құны белгіленді. 1 шілдеден бастап баға 60 теңгеге көтерілмек, ал 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап тағы 60 теңгеге жоғарылату жоспарлануда. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.
Қаржы министрінің "Фильтрсіз және фильтрленген темекіге, папиростарға бөлшек саудадағы ең төменгі бағаларын белгілеу туралы" бұйрығына сәйкес бүгінде бір қорап темекінің құны 650 теңгеден кем болмауы керек.
Сондай-ақ мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап ең төменгі бағаны екі есеге арттыратын бұйрыққа өзгертулер енгізіледі.
Енгізілетін түзетулерге сәйкес, келесі айдан бастап жыл соңына дейін фильтрсіз және темекісіз фильтрленген темекінің, сигарилланың және қыздырылған темекі өнімдерінің бөлшек саудадағы ең төменгі бағасы 710 теңгені құрайтын болады.
Ал келесі жылы ең төменгі баға 770 теңгеге дейін артуы ықтимал.
Еске сала кетейік, бұл көрсеткіш заңнамалық деңгейде мерзім сайын өсіп отырады. Мәселен, осыдан екі жыл бұрын бір қорап темекі кем дегенде 520 теңге тұратын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2024549-qazaqstanda-temeki-bagasy-osedi/