Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда тұрғын үйді сату-сатып алу келісімшартын жасау құны қанша

Жарияланған күні:

Читать на русском
Теңге
Теңге. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Жылжымайтын мүлікпен жұмыс істеу кезінде ең маңызды құжат сатып алу-сату шарты. "Крыша" порталының мамандары оны қалай дұрыс рәсімдеу керектігін және қызметтің бағасы қанша екендігін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сатып алу-сату шарты тұрғын үй мәмілесіндегі маңызды құжаттардың бірі болып табылады. Бұл меншік құқығын бекітетін құжат, сондықтан оны тіркеу кезінде мәміленің барлық басты шартын көрсету маңызды.

Келісімшартта не болуы керек?

Құжатты рәсімдеу кезінде барлық маңызды ақпарат көрсетілуі қажет:

  • жылжымалы мүліктің түрі – пәтер, үй, учаске;
  • жылжымайтын мүліктің толық мекенжайы, кадастрлық нөмірі;
  • қабат саны, жалпы және тұрғын үйдің кеңістігі;
  • тұрғын үй бөліп төлеу арқылы сатып алынған жағдайда үйдің бағасы, тәртібі, мерзімі және сомасы;
  • екі жақ тараптың жеке деректері.

Әрбір мәмілеге қатысушының тегі, аты, әкесінің аты толық жазылуға тиіс. Сондай-ақ олардың мекенжайларын, ID нөмірін көрсету керек. Бар болған жағдайда жұбайыңызды да белгілеген абзал.

Сонымен қатар сарапшылардың айтуынша, құжатта тараптар үшін маңызды болуы мүмкін қосымша талаптарды да көрсетуге болады:

  • тұрғын үйді босату және сатып алушыға кілттерді тапсыру уақыты;
  • сатушы қалдырған мүліктің тізімі: жиһаз, тұрмыстық техника және т.б. заттар;
  • сатушының коммуналдық төлемдерді төлеу міндеттемесі;
  • айыппұлдар мен даулы жағдайларды шешу тәртібі – мысалы, тұрғын үйді мерзімінен бұрын босату.

Қосымша талаптарды келісімшарт құжатында да, оның қосымшасында да көрсетуге болады. Кез келген қазақстандық үй сату-сатып алу бойынша аталған келісімшартты өзі жасай алады немесе барлық қажетті талапты жоғары деңгейде егжей-тегжейлі белгілеп беретін нотариуспен ақылдасып, істете алады.

Егер азамат келісімшартты өзі рәсімдесе, тараптар қарапайым жазбаша нысанда келісімді дұрыс жасауы керек екенін есте ұстаған жөн. Бұл ретте сатушы мен сатып алушы ХҚКО-да өздерінің қолтаңбаларын растауы керек.

Ал нотариустың көмегіне жүгінген жағдайда құжаттың дұрыс ресімделуіне ол толық жауап береді, дегенмен тараптар дайын келісімшарттағы тұрғын үйдің бағасын, банктік шоттарды, құжат нөмірлерін және басқа да маңызды мәліметтерді бірнеше рет тексеріп шығуы керек.

Нотариусқа бару қанша тұрады?

Әр түрлі жағдайда сатып алу-сату шартын жасау құны өзгеше болуы мүмкін. Мәселен, мамандардың айтуынша, қазақстандықтар балаларына, жұбайына, ата-анасына, аға-інілері мен апа-сіңлілеріне және немерелеріне баспана сатқан кезде нотариалдық қызметтің бағасы небәрі 3 АЕК-ті (2023 жылы 10 350 теңге) құрайды.

Егер қазақстандық бейтаныс адамдарға баспана сатса, онда қызмет құны 12 АЕК-ке дейін, яғни 41 400 теңгеге дейін көтеріледі. Тараптардың бірі заңды тұлға болған жағдайда құны одан да жоғарылай түседі және 17 АЕК, яғни 58 650 теңгені құрайды.

Бірақ үй ипотека арқылы сатып алынса, онда нотариалдық қызметтің бағасы 4 АЕК-ке (13 800 теңге) дейін төмендейді.

Нотариус қызметі үшін кім төлеуге тиіс?

Әдетте сатып алу-сату шартын жасау төлемі сатып алушы мен сатушының арасында теңдей екіге бөлінеді. Сонымен қатар олардың әрқайсысы сатып алу немесе сатуға жұбайының (бар болған жағдайда) келісімі үшін бөлек төлеуге тиіс.

Келісімшартты мемлекеттік деректер базасында тіркеу үшін сатып алушының өзі қосымша ақы төлеуі керек. Онсыз транзакция аяқталды деп есептелмейді. Тіркеу құны 1000 теңге, бірақ нотариуста тіркеу үдерісін 5000 теңгеге жылдамдатуға болады.

Осылайша сатып алу-сату шартының орындалуы қазақстандықтар үшін қиындық тудырмауы керек. Ең бастысы, құжатта транзакция үшін маңызды барлық тармақты көрсетуді ұмытпаған жөн.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2024566-qazaqstanda-turgyn-uidi-satu-satyp-alu-kelisimsartyn-zasau-quny-qansa/