Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның қай өңірінде тауарлар мен қызметтердің бағасы анағұрлым көп көтерілген

Жарияланған күні:

Читать на русском
Жұмыртқалар мен ақша
Жұмыртқалар мен ақша. Көрнекі сурет: pixabay.com

Елдің көптеген аймағында инфляция әлі де өте жоғары деңгейде. Ұлттық банк тауарлар мен қызметтер бағасының ең көп өсімі қай өңірде тіркелгені туралы хабарлады.

Қазақстанда инфляция деңгейі үшінші ай қатарынан төмендеп келе жатқанына қарамастан, бірқатар өңірде әлі де көптеген тауар мен қызмет түрінің бағасы айтарлықтай өсуде.

Мәселен мамыр айының қорытындысы бойынша инфляция деңгейі 15,9 пайыз боп тұрақтаған, бірақ бұл көрсеткіш еліміздің 12 өңірінде әлдеқайда жоғары.

Ең жоғары инфляция көрсеткіштері Ақмола, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облысында байқалады – әрқайсысында инфляция деңгейі 17,6 пайызды құраған. Астанада инфляция 16,6 пайыз, Шымкентте – 15,6 пайыз, Алматыда – 15,3 пайыз деңгейінде белгіленді.

Инфляция бойынша ең төменгі көрсеткіш Алматы облысында тіркелген – 14,8 пайыз.

Өңірлердегі жылдық инфляция деңгейі
Өңірлердегі жылдық инфляция деңгейі. Инфографика: nationalbank.kz

Қай өңірлерде азық-түлік бағасы ең жоғары

Мамыр айында азық-түлік бағасының инфляциясы 16,5 пайыз деңгейінде белгіленген. Бағаның жоғары көрсеткіші Маңғыстау (20,7 пайыз), Ақмола (18,1 пайыз), Қызылорда (17,9 пайыз) және Абай (17,5 пайыз) облысында тіркелді.

Қостанай мен Солтүстік Қазақстан облысында, сондай-ақ Астана қаласында бұл көрсеткіш 17,4 пайызды құрайды. Жетісу облысында баға өсімі 17,3 пайызға жеткен, Батыс Қазақстан облысында – 17,2 пайызды, Атырау облысында – 16,9 пайызды құраған.

Алматы, Қарағанды және Павлодар облысында азық-түлік бағасының инфляциясы 16,8 пайыз деңгейінде, ал Шығыс Қазақстан және Ұлытау облысында – 16,6 пайыз деңгейінде белгіленген.

Ақылы қызметтер мен азық-түлік емес тауарлар құны ең көп қымбаттаған өңірлер

Мамыр айының соңында ақылы қызмет көрсету бағасының ең көп өсімі Ақмола облысында тіркелген – 18,1 пайыз. Ұлытау облысында бұл көрсеткіш 17,1 пайызды, Маңғыстау облысында 16,2 пайызды құраған.

Астана азық-түлік емес тауарлар бағасының ең жоғары өсуімен ерекшеленді – мамырда бірден 23,6 пайызға көтерілген. Солтүстік Қазақстан облысында бұл көрсеткіш 19,4 пайызға, Шығыс Қазақстан облысында 18,5 пайызға жеткен.

Өңірлер бойынша ТБИ негізгі құрауыштары
Өңірлер бойынша ТБИ негізгі құрауыштары. Инфографика: nationalbank.kz

Қазақстанда баға өсімі төмендей бастады

Елдегі жылдық инфляция деңгейі әлі де жоғары болғанымен, оның жалпы өсу қарқыны төмендеп келеді. Мәселен, сәуір айында инфляция деңгейінің айлық өсімі 0,9 пайыз, ал мамыр айында 0,6 пайыз болған.

Жалпы биыл айлық инфляция деңгейі бұрынғыдай орташа деңгейден (0,5 пайыз) жоғары. Оған қоса Павлодар мен Алматы облысын және Астана қаласын қоспағанда, Қазақстанның барлық өңірінде 2023 жылдың мамырында бағаның көтерілуі орташа деңгейден жоғары болған.

2023 жылғы мамырдағы айлық инфляция мен 2017-2021 жылдардағы орташа мәнмен салыстыру көрсеткіші
Айлық инфляцияның орташа мәнмен салыстыру көрсеткіші. Инфографика: nationalbank.kz

Еске сала кетейік, бұған дейін Ұлттық банк 2023 жылы елдегі тауарлар мен қызметтер бағасының өсуі туралы болжам жасаған болатын. Сарапшылардың бағалауынша, жылдық инфляция деңгейі 11-14 пайыз аралығында болады, ал алдағы жылдары оның төмендеуі жалғасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2025344-qazaqstannyn-qai-onirinde-tauarlar-men-qyzmetterdin-bagasy-kobirek-koterilgen/