Қазақстанда жоғары мөлшерлемені сақтап қалу үшін депозитті қай уақытта қайта рәсімдеу қажет
Жарияланған күні:
Читать на русскомБүгінде қазақстандық банктердегі депозиттердің пайыздық мөлшерлемесі айтарлықтай жоғары. Депозиттің пайыздық мөлшерлемесі оның бастапқы мөлшерлемесіне қарай бекітіледі. Жоғары мөлшерлемені сақтап қалу үшін депозитті қай уақытта қайта рәсімдеген жөн. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКҚ) ай сайын теңгедегі депозиттер бойынша ең жоғары сыйақы мөлшерлемесін қарастырады. Олардың ұсынымдары көбіне елде қолданыстағы базалық мөлшерлемемен тікелей байланысты.
Мәселен, өткен жылдың 5 желтоқсанында депозиттегі пайыздық мөлшерлеме 16,75 пайызға көтерілген. Келесі күні қор барлық теңгедегі депозит бойынша шекті мөлшерлемені көтерген. Ал базалық мөлшерлеме төмендеген кезде әдетте, ұсынылатын пайыздық мөлшерлеме де төмендейді.
Банктер әдетте қордың шешімі бойынша депозиттік өнімдердің мөлшерлемесін көтереді не төмендетеді.
Базалық мөлшерлеме қалай өзгереді?
Жоғарыда айтып өткеніміздей, Қазақстанда базалық мөлшерлеме жарты жылдан астам уақыт бойы айтарлықтай жоғары деңгейде сақталуда. Осылайша еліміз жоғары инфляциямен күресуде.
Бірақ Қазақстанда тауарлар мен қызметтердің қымбаттау тенденциясы үш ай қатарынан төмендеуде. Бұл үдеріс депозиттегі базалық мөлшерлеменің де бірте-бірте төмендеуіне әсер етуі мүмкін және биылғы жылдың екінші жартысында базалық мөлшерлеме расымен төмендеуі ықтимал.
Яғни, ақша-несие саясаты бойынша Ұлттық банк комитетінің 2023 жылғы 5 шілдеде өтетін отырыстарының бірінде базалық мөлшерлеме төмендетілген жағдайда Ұлттық қор да депозит бойынша ең жоғары сыйақыға қатысты дәл сондай шешімді қабылдай алады.
Депозиттің жоғары кірісінің мерзімін қалай ұзартуға болады?
Бұл ретте келісімшартта белгіленген депозит бойынша пайыздық мөлшерлеме көбіне депозит ашылған күннен бастап шарттың аяқталу мерзіміне дейін өзгеріссіз қалады. Тек депозиттің мерзімі ұзартылған жағдайда сыйақы мөлшерлемесі қазіргі көрсеткішке сәйкес өзгереді.
Сондықтан пайыздық өсіммен көптеген салымшы депозиттерін қайта тіркейді – қазақстандықтар жоғары мөлшерлемемен жаңа депозит ашып, ескілерінде жатқан ақшаны жаңа ашылған депозитке аударады.
Жалпы айтсақ, депозиттердің жоғары мөлшерлемесін сақтау үшін жоғары пайыздық мөлшерлемесі бар депозиттің күші жойылмай тұрғанда оны қайта тіркеген дұрыс. Яғни, бүгінде бір жылға 15 пайыздық жаңа депозит ашсаңыз, бұл пайыздық мөлшерлеменің күші 2024 жылдың 19 маусымына дейін сақталуы керек.
Осы уақытқа дейін депозиттер бойынша бастапқы мөлшерлеме мен шекті сыйақы көлемі айтарлықтай төмендеуі мүмкін. Дегенмен, жоғарыда айтылғандай, жаңадан ашылған депозиттің мерзімі аяқталғанға дейін бастапқы пайыздық мөлшерлеме мен шекті сыйақы көлемі ашылып қойған депозиттің жарнасына әсер етпеуі керек.
Депозитті мерзімінен бұрын ұзарту туралы депозиттерінің белгіленген мерзімі осы жылдың екінші жартысында аяқталатын салымшылар ғана ойланған жөн. Өйткені, осы жылдың екінші жартысында пайыздық мөлшерлеме төмендеуі ықтимал.
Осылайша қазақстандық банктердің салымшылары банктік депозиттерінің жоғары кірісін мүмкіндігінше ұлғайта алады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2025415-qazaqstanda-zogary-molserlemeni-saqtap-qalu-usin-depozitti-qai-uaqytta-qaita-rasimdeu-qazet/