Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда ипотекалық тұрғын үйде жөндеу жұмыстарын жүргізуге бола ма

Жарияланған күні:

Читать на русском
Тұрғын үй
Тұрғын үй. Фото: pixabay.com

Несие жабылғанға дейін ипотекалық пәтер банкке тиесілі. Бұл қарыз алушыларға кейбір шектеулер қояды. "Крыша" порталының мамандары ипотекалық баспанаға қатысты қарыз алушыларда қандай құқығы бар екенін айтты.

Кез келген қазақстандықта өз күшімен жаңа пәтер алуға мүмкіндігі жоқ. Әдетте, бұл мақсат үшін азаматтар банкке жүгініп, ипотекалық несие рәсімдейді.

Дегенмен ипотекаға сатып алынған пәтердің кемшін тұстары бар. Мысалы, несие толығымен өтелмейінше, пәтер банкке тиесілі. Бұл үй иесінің мүмкіндіктерін әжептәуір шектейді және көп нәрсе ипотека алушыға қолжетімді болмайды дегенді білдіреді.

Мысалы, қайта құруға немесе жөндеуге болмайды. Егер меншік иесі қайта құру жұмыстарын жүргізуді жоспарласа, онда ол өз меншігіне құжаттарды алып, жобаға тапсырыс беріп қана бәрін реттей алады. Ал ипотекалық несие алушыда ондай мүмкіндік жоқ.

Ипотекаға пәтер алған қарыз алушының қандай мүмкіндіктері шектеледі

Ипотекаға сатып алынған тұрғын үйдің кредиті толық өтелгенге дейін жылжымайтын мүлік несиелік кепіл ретінде қызмет етеді және банк мүліктің сақталуын мұқият қадағалайды. Сондықтан қайта құру жұмыстарын ойластырғанның өзінде, мұны банктің жазбаша келісімімен ғана жүзеге асыруға болады.

Сондай-ақ бұл талап пәтерді сатуға немесе жалға беруге де қатысты. Егер банк рұқсаты болмаса, мұндай әрекет заңсыз болады.

Сонымен қатар жер учаскесі бар жеке тұрғын үй кепілге қойылған жағдайда банктің рұқсатынсыз гараж немесе монша сияқты кез келген қосалқы құрылыстарды бұзуға немесе салуға тыйым салынған.

Банк мұндай талаптарды баспана құнын ұстап тұру үшін ғана қояды. Қайта құру жұмыстарын жүргізіп, кейін оны заңдастыру мүмкін болмаған жағдайда пәтердің құны айтарлықтай төмендеуі үмкін. Оның үстіне болашақта мұндай тұрғын үйді ипотекаға сату мүмкін болмай қалады.

Сондықтан егер банк заңсыз қайта құру жұмыстары жүргізілгенін біліп қойса, ипотекалық несие алушы қиындыққа ұшырайды. Кей жағдайда банктің келісімінсіз ипотекалық пәтердің өзгертілгені үшін айыппұл қарастырылған.

Несие алушыда ипотекалық тұрғын үйге қатысты қандай құқығы бар

Түрлі шектеуге қарамастан, ипотекалық несие беруші әлі де өз құқықтарына ие. Мысалы, шикі күйде және еркін жоспарлау рұқсатымен пәтер сатып алғанда, қарыз алушы банктің келісімінсіз ішкі арақабырғаны қалауы бойынша үйдің кез келген жеріне орната алады. Жоспарлау жұмысы аяқталғаннан кейін банкке хабарлап, техник мамандарды шақыру және пәтерге жаңа тіркеу куәлігін беру жеткілікті.

Сондай-ақ бұл жағдайда банкті ескертпей, ипотекалық пәтерде косметикалық немесе күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге де болады: терезелер мен есіктерді, едендерді өзгерту, қабырғаларды бояу немесе плиткаларды ауыстыру. Бұл үшін банктің келісімі қажет емес.

Бастысы келісімшартты мұқият оқып шығу керек. Рұқсат етілген жөндеулер туралы нақты пункт қарастырылмаса, үйді қайта жөндеу жұмыстарын жүргізбес бұрын банк менеджерімен кеңескен дұрыс.

Банктен қалай рұқсат алуға болады

Қазақстандық қайта құруды жоспарлаған жағдайда ипотекалық несие беруші банкке өтініш жазуға тиіс. Қайта құру жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру туралы өтінішпен бірге жобаның нақты жоспары да қоса берілуі керек.

Сарапшылардың пікірінше, клиент қайта құру жұмыстарын жүргізуге босқа ақшасын кетіруі ықтимал, өйткені оған тұрғын үйде қайта құру жұмыстарын жүргізуге рұқсат берілмеуі мүмкін. Алайда көбіне қайта құру жұмыстары үйді ұстап тұрған қабырғаларға әсер етпеген жағдайда банк еш кедергісіз жөндеу жұмыстарын жүзеге асыруға рұқсат береді.

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге рұқсат алынғаннан кейін қайта жоспарлауды жалғастыра беруге болады. Бірақ барлық жөндеу жұмысы қатаң түрде жобаға сәйкес, авторлық және техникалық қадағалаумен жүруі керек. Оны тиісті сертификаты бар маман ғана жүзеге асыра алады.

Жұмыс аяқталғаннан кейін пайдалануға қабылдау актісі жасалады. Оған қарыз алушы, техникалық қадағалау, сәулет қадағалау және құрылыс ұйымы қол қоюы керек. Кейін қайта жөндеу жұмыстары жүргізілгені туралы құжатты тіркеп, жаңа техпаспорт алу керек.

Қай жерде қайта құруға болады

Кейде жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін банк рұқсаты жеткіліксіз болуы мүмкін. Банкке хабарласпас бұрын, пәтерде қайта жөндеуді іске асыруға болатынына көз жеткізу керек.

Өйткені, егер пәтер панельдік үйде сатып алынса, мұнда рұқсат етілген жұмыстардың тізімі өте аз. Мезониндерді, шкафтарды және ағаш қалқаларды бұзуға болады, бірақ бұдан басқа жөндеу жұмыстарын жүргізу мүмкін емес.

Себебі панельдік үйлерде барлық құрылымы үйдің негізгі тіреуіштері болып табылады және оларда қайта құруға қатаң тыйым салынған. Кей жағдайларда тәртіп бұзушыға 30-дан 80 АЕК-ке дейін (103 500 теңгеден 276 000 теңге) айыппұл салынуы мүмкін. Оған қоса, ипотекалық несие алушы өз қалтасынан барлығын бұрынғы қалпына келтіруі керек.

Ал кірпішті және монолитті үйлерде негізгі тіреуіштері болып табылатын құрылымдарға зиян келтірілмесе, қайта жоспарлауға рұқсат етілген. Жөндеу жұмыстарына кіріспес бұрын дизайн компаниясына хабарласу керек және тіркеу куәлігінің көшірмесін өзіңізбен бірге алған жөн.

Алайда көп жағдайда пәтер иелері түбегейлі қайта жөндеусіз де өмір сүре алады. Әдетте, тұрғын үй ыңғайлы болуы үшін күрделі жөндеуден өтуі жеткілікті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2025532-qazaqstanda-ipotekalyq-turgyn-uide-zondeu-zumystaryn-zurgizuge-bola-ma/