"Қазақмыс" және "Казцинк" әлеуметтік мәселелерде мемлекет саясатын қолдады
Жарияланған күні:
"Қазақмыс" және "Казцинк" компаниялары кәсіби еңбек ету қабілетінен айырылған жандардың әлеуметтік пакетін кеңейтуге бастамашы болды. Осылайша, ірі кәсіпорындар өз қызметкерлерінің қиындықтан шығуына көмек беріп, өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуде мемлекет саясатын қолдады.
Кәсіби еңбек ету қабілетінен айырылған қазақстандықтар үшін төлемдер сомасын ұлғайту мәселелері соңғы жылдары бірнеше рет көтерілді. Өткен жылы Қарағанды облысының жұртшылығымен өткен кездесуде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «адамдардың сұраныстары мен тілектерін жақсы түсінетінін» және бұл мәселелерді үкімет жан-жақты пысықтайтынын атап өтті.
"Қазақмыс корпорациясы" ЖШС және "Казцинк" қазақстандық тау-кен металлургиялық компаниясы қызметкерлердің сұраныстарына жауап беріп, тиісті әлеуметтік бағдарламаларды іске қосты.
Мемлекеттік бастамаларды іске асыру тәсілдерін әзірлеу үшін "Қазақмыс" және "Казцинк" еңбекке қабілеттілігінен айырылған қызметкерлердің, өндірісте қаза тапқан қызметкерлердің отбасыларының материалдық әл-ауқатына мұқият мониторинг жүргізіп, әлеуметтік жағдайларын және олардың табыс деңгейін зерделеді.
Осылайша, 2023 жылдың 1 маусымынан бастап "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС-ның кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылған жандардың (оның ішінде 1,2,3 топтағы мүгедектердің), жұмыс барысында қаза тапқан қызметкерлердің отбасыларын, кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылған, зейнеткерлікке шыққан жандардың - отбасы табысының деңгейі төмен санаттарын қолдауға бағытталған жаңа әлеуметтік бағдарламасы басталды.
Осылайша, "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС 2023 жылы айына 1 адамға шаққанда 68 964 теңгені құрайтын өзінің ішкі күнкөріс деңгейін пайдалана отырып, кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылған, 1,2,3 топтағы мүгедектер (оның ішінде зейнеткерлікке шыққан) мәртебесі бар адамдардың, қаза тапқандардың отбасыларының алатын жалпы табысынан айырма төлейтін болады корпорацияның өндірісінде және ішкі күнкөріс деңгейінде.
Мысалы, кәсіптік еңбекке қабілеттілігі бойынша екінші топтағы мүгедектігі бар, төрт адамнан тұратын отбасы, оның ішінде екі кәмелетке толмаған баласы бар адам 195 мың теңге мөлшерінде жалпы табыс алады. «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС есептеулері бойынша айына отбасының әрбір мүшесіне 68 964 теңге, яғни төрт адамнан тұратын отбасына 275 856 теңге қажет. Бұл қажетті табыс деңгейінен 80 856 теңгеге төмен. Тиісінше, корпорациядан ай сайынғы қосымша төлем 80 856 теңгені құрайды.
Кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылған мүгедектік тобы жоқ адамдар үшін 29%-ға дейін ҚР ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде төлемдер жүргізілетін болады, бұл 40 567 теңгені құрайды, егер корпорацияның ең төменгі күнкөріс деңгейі мен осы адамның отбасының жалпы табысы арасында айырмашылық болса.
Корпорация басшылығы аталмыш бағдарлама осы санаттағы адамдар үшін маңызды материалдық қолдау болатынына сенімді.
"Біз өз дамуымызда тек жұмыс орындарын құрумен, өндірістік және қаржылық көрсеткіштер үшін жарысумен, пайда табумен шектелмейтін деңгейге жеттік. Біздің басты құндылығымыз – адамдар, біздің қызметкерлер, олардың мүдделері мен талап-тілектері", - дейді «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы Нұрахмет Нұриев.
Әлеуметтік пакетті кеңейту жөніндегі бастама «Казцинктегі» әріптестерімен бірлесіп әзірленді.
"Біздің компанияда жақында жаңа ұжымдық еңбек шартына қол қойылды. Онда қызметкерлердің тілектерін ескеретін бірқатар жаңашылдық қабылданды. Бұл жұмыстардың алдында компанияда ауқымды сауалнама жүргізілді. Қызметкерлердің өздері әлеуметтік жаңғыртудың ең өзекті және маңызды элементтерін ұсынды. Біз кәсіподақпен бірге оларды ескеруге тырыстық.
Көтерілген мәселелердің ішінде «Қазақмыстағы» әріптестерімізбен бірлесе шешіп жатқан мәселерде бар. Бүгінгі таңда ірі өндіріс қызметкерлерінің өмір сүру сапасын жақсарту-бұл мемлекет тұжырымдайтын міндет қана емес. Бұл негізінен болашақ дамуға, компанияның және жалпы қоғамның тиімділігі мен өміршеңдігіне қосқан үлкен үлес болып табылады", - дейді "Казцинк" бас директоры Александр Хмелев.
Жаңа Ұжымдық шарт шеңберінде «Казцинкта» көп балалы отбасыларға, жалғызбасты аналар мен әкелерге, ерекше балалар тәрбиеленетін отбасыларға, өндіріс ардагерлеріне белгілі бір төлемдер пайда болады. Демалыс базаларында демалу үшін жағдай айтарлықтай жақсарады. Қауіпсіздік үздіктері үшін арнайы преференциялар пайда болады. Үлкен жұмыс өтілі бар қызметкерлер үшін бірқатар жаңа жеңілдіктер мен преференциялар енгізіледі. Компанияның зейнеткерлері мен жастарына ерекше көңіл бөлінеді.
Ірі тау-кен компанияларында өз қызметкерлеріне жауапкершілікпен қарау қазіргі заманғы үрдіс пен бизнес өркениетінің белгісі ғана емес, сонымен бірге мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық дамуы мен тұрақтылығына қосқан үлесі екенін атап өтеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2025537-qazaqmys-zane-kazcink-aleumettik-maselelerde-memleket-sayasatyn-qoldady/