Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ИИДМ неге жеңілдетілген автонесие енді берілмейтінін түсіндірді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Көлік
Көлік. Көрнекі фото: piqsels.com

Бүгін, 20 мауысм күні индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі брифинг өткізіп, жеңілдетілген автонесие бағдарламасының Қазақстанда неге енді қайталанбайтынын түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бүгін ИИДМ басшысы Марат Қарабаев журналистерге қазақстандықтар үшін 4 пайыздық жеңілдікпен автонесие беру бағдарламасын жаңадан бастауға ақша бөлудің орнына, қаражатты өңірлердегі автобустарды жеңілдікпен несиелеуге бағыттау туралы шешім қабылданғанын мәлімдеді.

ИИДМ жаңа шешімнің неге қабылданғанын түсіндіретін брифинг өткізуді ұйғарды. Журналистер вице-министрден неліктен шешім елді құлақтандырмай қабылданғанын сұрады.

"Өткен аптада министр біз әлі талқылап жатқанымызды айтқан болатын. Жыл басынан бері бағдарламаны қайта қарау туралы ой қарастырылған, бірақ біз оны қалай қайта іске қосу керектігін түсінген жоқ едік. Алдымызда ең көп сұраныс пен тиімділікті анықтау міндеті тұрған болатын.

Ақша бар, бірақ ол аз және бәріне жетпейтінін түсініңіздер. Біздің міндетіміз одан барынша (халыққа ред.) пайда әкелу болатын. Ең алдымен автобуспен жүретін 9,2 миллион адамды сапалы автобустармен қамтамасыз ету қажет.

Елді хабардар етпей шешім қабылдауға келетін болсақ, кешіріңіздер, бізде айтатын жауабымыз болған жоқ еді, біз түрлі нұсқаны қарастырдық, ал енді ашық түрде (ел алдына ред.) шығып тұрмыз. Біз бағдарламаны әлі іске қосқан жоқпыз, оны ойланбастан қабылданған шешім деп санамаңыздар", деді вице-министр Ілияс Оспанов.

Ол ИИДМ мәліметі бойынша, енді автобустарға деген сұранысты қанағаттандыру қажет екенін қосты.

"Автобустарды тәулігіне 9,2 миллион жолаушы пайдаланады, олардың да сұранысын қанағаттандыру керек, барлығы да көлік сатып ала алмайды ғой. Сұраныс бұрыннан пайда болған, автопаркті жаңарту керек", деді Оспанов.

Сондай-ақ ол қазақстандықтар үшін Қазақстанның даму банкінде (ҚДБ) енді тағы бір автонесие бағдарламасы қолжетімді екенін айтты. Алайда журналистер бұл бағдарламаға өтінімдер қазір қабылданбай жатқанын хабарлады.

Қазақстандағы жеңілдетілген автонесие

Бұған дейін өткен жылдың мамыр айында Қазақстанда жеңілдетілген автонесие бағдарламасы басталған болатын. Кейін банктер оны бірнеше рет нақты себептермен тоқтатқан болатын, соның ішінде бөлінген қаражатты игеруге байланысты да тоқтатылған.

Бағдарлама "айналмалы" принцип бойынша жұмыс істейді, яғни жаңа автонесие қазақстандықтардың бұрын алынған несиелерін өтеу есебінен беріледі.

Бұған дейін несиелердің белгіленген саны берілгеннен кейін жеңілдетілген автонесие бағдарламасы қайтадан кідіретіні және келесі несие төлемдері түскен кезде ғана жалғасатыны хабарланған болатын.

2023 жылдың ақпанында премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр үкімет автонесие бойынша жұмыстың бір бөлігін аяқтағанын айтты. Оның айтуынша, бұл жұмысты "Бәйтерек" холдингі еншілес компанияларымен жалғастырады.

Соңғы рет қазақстандықтар 6 ақпанда 4 пайызбен автонесие алу мүмкіндігіне ие болған. Сол күні сағат 10:00-де онлайн платформа іске қосылды. Бар болғаны 761 қазақстандық өтініш бере алған, ал лимит алғашқы 18 секундта таусылды.

Мамыр айында Марат Қарабаев Қазақстанда автонесие берудің жаңа шарттарын жариялаған болатын.

"Механизм ай сайын жұмыс істейтін болады. Қазір ай сайын миллиард теңгеге жуық қаражат қайтарылуда. Бұл қаражат 100 көлікке жетеді. Бүгінде біз 500-ге жуық көлікке жеткілікті қаражат жиналған кезде ғана бағдарлама іске қосылатын механизмді қарастырып жатырмыз", - деді ол.

Алайда маусым айының басында цифрлық даму министрлігінің басшысы autonesie.kz сайты бұдан былай Қазақстанда жеңілдетілген автонесие алуға өтінімдерді қабылдамайтынын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2025595-iidm-nege-zenildetilgen-avtonesie-endi-berilmeitinin-tusindirdi/