Депозит бойынша ең жоғарғы сыйақы мөлшерлемесін қай банк ұсынады
Жарияланған күні:
Читать на русскомДепозит Қазақстанда ақшаны сақтаудың ең кең таралған тәсілдердің түрі. Банктер депозит бойынша клиенттеріне қандай шарттар ұсынатынын KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.
Статистикаға сәйкес, қазақстандықтардың екінші деңгейлі банктердегі (ЕДБ) депозиттік шоттарында шамамен 16 триллион теңге жатыр.
Халық теңгедегі депозиттерге деген үлкен қызығушылық танытатынын ескере келе,еліміздегі екінші деңгейлі банктер ұсынатын депозит шарттары туралы ақпарат ұсынамыз.
Ақпарат банктердің ресми веб-сайттарынан алынған, ал депозиттер мерзімі аяқталмаса да алу мүмкіндігі бар мерзімсіз онлайн депозиттер критериі бойынша таңдалған.
Депозит ашу үшін төленетін ең аз сома
Қазақстандықтарға депозит ұсынатын екінші деңгейлі банктердің басым бөлігінің ең төменгі шегі 1000 теңге. Бұл депозиттер алынбайтын сома, егер ол алынса, онда депозит жабылады.
Бірақ кейбір екінші деңгейлі банктердің шарттарында айырмашылық бар:
- "Нұрбанк" банкінде депозиттегі ең төменгі қалдық 5 000 теңге болуы керек;
- Altyn Bank – 10 000 теңге;
- Freedom Bank – кемінде 500 теңге болуға тиіс.
Айта кетейік, кейбір банкте депозит онлайн емес, жергілікті бөлімшеде ашылған жағдайда депозитті ашуға арналған ең төменгі сома мөлшері әлдеқайда жоғары болуы мүмкін.
ЖТСМ пайыздық мөлшерлемесі
Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ) депозиттің кірістілігіне әсер етеді. Бұл ЕДБ сайттарында және олардың онлайн калькуляторларын пайдалану кезінде көрсетілген.
Бір жылдық мерзімсіз депозиттер ұсынатын екінші деңгейлі банктердің біршамасында ЖТСМ 15,5 пайыз мөлшерінде белгіленген.
Депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесі ең төмен банктер мыналар:
- Bank RBK – ЖТСМ 15,3 пайызды құрады;
- Halyk – 15,2 пайызды;
- Kaspi – ЖТСМ 15 пайызды құрайды;
- ForteBank – ЖТСМ банктің онлайн калькуляторы бойынша 13,8 пайызды құрайды.
Депозиттер бойынша ЖТСМ ең жоғары банк болып ВТБ саналады. Онда – 16,3 пайыз.
Депозиттегі ақшаны шығарған кезде төленетін комиссия
Қарастырылып отырған екінші деңгейлі банктердің жартысында қаражатты мерзімінен бұрын алу үшін комиссия төлеудің қажеті жоқ. Яғни, салымшы келісімшарт мерзімі аяқталғанға дейін ақшаның бір бөлігін немесе толық соманы алғысы келсе, ЖТСМ-нан айырылмайды.
Басқа екінші деңгейлі банктерде келесі шарттар көрсетілген:
- "ЦентрКредит" банкі – егер ақша бір ай өтпей алынса, салымшы ЖТСМ-нан айырылуы мүмкін;
- "ВТБ" банкі – бір айға дейін ақша алынған жағдайда жылдық тиімді сыйақыдан айырылып қалу қаупі бар, ал депозит бір айдан кейін жабылатын болса, депозит ашқан уақыт аралығында депозиттің нақты пайыздық мөлшерлемесінің жартысы ғана беріледі;
- Bank RBK - депозиттегі ақша 30 күн өтпей шешілетін болса, сыйақы берілмейді;
- Freedom Bank – 15 күн өтпей ақша шешілсе, алынған сомаға байланысты 2 пайызға дейін комиссия болуы ықтимал;
- Halyk – 15 күнге дейін алу сомасының 1% алынады; Jusan Bank - егер сіз ақшаны 6 айдан ерте алсаңыз, сыйақыдан қағылады.
Қандай да бір банкте депозит ашпас бұрын ЖТСМ бойынша аталған шарттарды ескерген жөн.
Депозиттер туралы мәліметті банк менеджерлерінен алдын ала нақтылаған жөн.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2025683-depozit-boiynsa-en-zogargy-syiaqy-molserlemesin-qai-bank-usynady/