Сарапшылар елімізде тауарлар мен қызметтер бағасы тағы да өсетінін айтып, дабыл қақты
Жарияланған күні:
Читать на русскомҚазақстанда бағаның өсу қарқыны үшінші ай қатарынан баяулауда, бірақ Applied Economics Research Centre (AERC) сарапшыларының пайымдауынша, елдегі инфляция деңгейі алдағы айларда арта түседі. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Мамыр айының қорытындысы бойынша Қазақстанда жылдық инфляция деңгейі 0,9 пайыздық пунктке төмендеп, 15,9 пайыз деңгейінде тұрақтады. Бұл ретте ай сайынғы баға өсімі 0,9 пайыздан 0,6 пайызға дейін төмендеген.
Осы деректерге сүйене отырып, AERC сарапшылары Қазақстандағы инфляцияны төмендету үдерісі жалғасады деген болжам жасады, дегенмен баға қайта өсуі мүмкін.
AERC мәліметінше, 0,57 пайыз өсімімен маусымда жылдық инфляцияның деңгейі 14,7 пайызды құрауы мүмкін. Дегенмен шілде айында ай сайынғы инфляция деңгейінің артуы 0,82 пайызға дейін жылдамдай түседі деп күтіледі, бұл ретте алдыңғы жылғы инфляцияның жоғары деңгейі биылғы статистикалық көрсеткішке қатты әсер етуі мүмкін және жылдық инфляция 14,38 пайызға дейін төмендеуі ықтимал.
Маусым мен шілде айларындағы бағаның өсу болжамын ескере отырып, тамызда айлық инфляция деңгейі 0,68 пайыз шамасында болуы мүмкін, ал жылдық инфляция көрсеткіші 13,57 пайызға дейін төмендеуі ықтимал.
Яғни, тауарлар мен қызметтер бағасының өсуі жалғасады, тіпті арта түседі десе болады, ал жылдық инфляция алдыңғы жылғы инфляцияның жоғары деңгейі салдарынан төмендейді.
Неліктен тауарлар мен қызметтердің бағасы көтеріледі
Сарапшылардың айтуынша, бүгінде инфляция ішкі экономикалық оқиғалардың салдарынан жылдамдай түсуде. Өйткені инфляцияға қарсы төтеп беру үшін ел табысын арттыру керек, қазір ол көрсеткіш жылына 20,6 пайызды құрауы мүмкін. Сонымен қатар ел ішінде айналымдағы қомақты қаражат та бағаның өсуін жылдамдата түседі – мамырда ол көрсеткіш 1 пайызға артқан.
Қазақстан Ұлттық банкі ұлттық қордың валюталарын 500-ден 550 миллион долларға дейінгі сомаға сатуды жоспарлауы да инфляцияны жеделдетуге себеп болуы мүмкін, бұл алдыңғы көрсеткіштерге қарағанда айтарлықтай төмен. Мысалы, мамыр айында сатылым 800 миллион долларды құрады.
Жалпы соманың төмендеуі теңгеге қолдау көрсету деңгейін төмендетуі ықтимал, соның салдарынан теңге тіпті біршама әлсіреуі де мүмкін. Алайда валютаның долларға қатынасында әлсіреуі инфляция деңгейінің төмендеуіне көмектеседі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2026100-sarapsylar-elimizde-tauarlar-men-qyzmetter-bagasy-tagy-da-osetinin-aityp-dabyl-qaqty/